Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлемдегі ең әдемі 7 банкнот

Әлемдегі ең әдемі 7 банкнот

Айқын-ақпарат
1485
Әлемдегі ең әдемі 7 банкнот Әлемде қанша ел болса сонша ақша бар. Олардың үлгілері де сан түрлі. Тіпті ресми бірқалыпты өзгермейтін купюралар кездеседі. Кейбірі құны болмаса да ең әдемі банкноталар қатарында.

 Құны қымбат доллар мен еуро немесе Ұлыбританияның фунт стерлингі әдемі купюралар қатарында жоқ. Ал әлемнің ең әдемі банкнотасы қай елдерде шығады? Анықтап көрейік.

  1. Қазақстанның ұлттық теңгесі

Ұлттық валюта осымен үшінші рет әлемнің ең әдемі купюралар тізіміне енді. Қазақстанның монетасы нейзильбер, алтын және күмістің араласуы арқылы жасалады. Сондай-ақ, ұлттық теңге жазуы екі тілде жазылған әлемдегі жалғыз валюта. Бұдан бөлек теңге қорғаныс жүйесі ең мықты банкноталар қатарында.

Ең қызығы қағаз банкноталар алғаш рет Ұлыбританияда басылып шығып, Қазақстанға өндіріс құралдары ретінде жеткізілді. Банкноталарды әкелу үшін 18-ден аса әуе тасымалы жүзега асырылған.

2. Украинаның гривнасы

Украиналық суретшілер Василий Лопаттың және Борис Максимовтың арқасында 1996 жылдың 2 қыркүйегінде украиналық ұлттық валюта гривна айналымға шықты. Мемлекеттің қаржы миистрлігінің ақпаратынша, республика тұрғындары банкнотадағы тарихи тұлғаның портреті Василий Лопатқа ұқсап қалғанын айтқан. Ал бұл құбылыстың себебі неде екенін сұрағанда Василий Иванович «әрбір суретші портрет салған кезде өзіне ұқсас нәрсені бейнелейді» деп жауап берген.


Ал қазір үшінші ұрпақтың банкнотасы айналымда жүр. Олар Украинаның Ұлттық банкінің банкнот сарайында басылып шығарылады. Ал банкнотқа арналған қағаздар УҰБ-ның банкноталық қағаздар фабрикасында өндіріледі.

3. Сан-Томе және Принсипи добрасы

Добра — Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасының валютасы. Қазіргі кезде инфляцияның жоғары болуына байланысты қолданылмайды. Добра айналымға 1977 жылы эскудо ақшасының орнына енгізілген. Валюта атауының шығу тарихы ерекше. Ақша атауын XVIII ғасырда Жуан V енгізген. 

 

Бір қызығы банкнотада 1595 жылы қара нәсілді құлдар көтерілісін басқарған, ангола құлдарының басшысы  Рей Амадордың суреті бейнеленген.

Қазіргі кезде добра тұрақсыз валюталар қатарында. Валютаның негізгі валюталарға ауыстырған кездегі ресми курсы 30%-ға дейін арзан болады.

4. Мальдива руфиясы

Мальдива әлемдегі ең әдемі және жанданған орындардың бірі. Ал мальдива руфиясын шығару тікелей Мальдиваның ақша-кредит оргнымен бақыланып отырады.

«Руфия» атауы хинди тілінің rupayā сөзінен шыққан. 1945 жылы People’s Majlis парламенті «Мальдива банкнотасы туралы» № 2/66 заң жобасын бекітіп, айналымға ½, 1, 2, 5 и 10 номиналды руфиялар шықты. 1951 жылы 50, 100 руфиялық банкноталар пайда болды. 1983 жылы 2, 5, 10, 20, 50 және 100 руфия айналымға енгізіліп, 1995 жылы 2 руфия монетаға ауыстырылады.

5. Гонконг доллары

Гонконг — жоғары технологиялы, үлкен, шулы, өркендеп келе жатқан капиталы мол мемлекет. Ал гонконг доллары ашық түстермен бейнеленген, болашақ туралы қиял-ғажайып дүниелерге толы банкнота.

Жапония Гонконгты басып алған уақытта  колония үшін жаңа ақша айналымын енгізбек болады. Алайда тек уақытша ақша белгілері айналымда болады. Қытайдың 24 түрлі банкнотасы қолданылған. Олар Қытайдың түрлі банктерінде басылып шыққан және номиналдар 10 центтен 100 юаньға дейін болған.

6. Костарика колоны

Банкноталарда мәдениет пен қонақжайлықтың бейнеленуі сирек кездеседі. Ал костарика колонында бұл сурет анық бейнеленген. Колонның 2009 жылғы үлгісінде гүлдер мен Орталық Американың экзотикалық орындары өзара үйлесім тапқан.

Сондай-ақ, Коста-Рикада колонмен бірге АҚШ доллары қатар қолданылады. Тіпті кейбір туристік дүкендерде бағалар доллармен көрсетіледі.  Алайда ұлттық валютамен де еркін төлем жасай аласыз.

7. Кука аралының доллары

Кука аралының доллары айналымға 1987 жылы шыққан. Банкнотаның аверсінде Ине деп аталатын су перісіне ұқсас қыздың акулада отырған суреті бейнеленген. Ал купюраның реверсінде жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі көрініс табады.

Ал 3 долларлық купюрада дәстүрлі каноэ және жергілікті құдай Те-Ронго бейнеленген. Ал 1992 жылы банкнталар көрінісі өзгереді. Бұл купюралардың екі жағында да  аралдағы өмір аспектілері бейнеленеді.

Алайда 1990 жылғы экономикалық қиындықтарға және бюджет тапшылығына байланысты КУка аралының долларына деген сенім азаяды. Осылайша 1995 жылы аталған банкнотаны шығару тоқтатылады. Қазіргі уақытта айналымда 1, 2 және 5 доллар бар. Олар тек Кука аралдары аумағында ғана қолданылады.

Мәліметтер voxpopuli.kz сайтынан алынды

7kun.kz