Негізгі бет  /  мақалалар  /  90 тонна ядролық отын Өскеменде сақталады

90 тонна ядролық отын Өскеменде сақталады

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
920
90 тонна ядролық отын Өскеменде сақталады Өскемен қаласында 90 тоннаға жуық ядролық отын төмен байытылған уран банкінде сақталатын болды.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Мәжіліс отырысында мәлім етті.

МАГАТЭ 2006 жылы уран банкін  құру туралы шешім қабылдағаны белгілі. primeminister.kz порталының хабарлауына қарағанда, мұндай банкті құру әрекет етіп тұрған және қайта құрылып жатқан электр станцияларына тұрақты түрде отын жеткізіп тұруға халықаралық кепілдіктер береді. Айта кетейік, өзінің физикалық және көлемдік сипаттамалары бойынша аталған отын жаппай қырып-жою қаруын дайындауға жарамсыз.

 – Уран изотобы бойынша концентрация 4,75 пайыз жоғары емес, бұл оны одан әрі байытқанның өзінде қару материалын дайындауға мүмкіндік бермейтіні анық. Көлемі жағынан бұл реакторды жүктеуге есептелген 90 тонна, қуаттылығы 1 гигаватт немесе 1000 мегаватт, - деп хабарлады Бақытжан  Жақсалиев.

Өз кезегінде, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өткізу жөніндегі директоры Александр Ходанов жақын келешекте «өңдеуге жылына мұндай материалдың 200 тоннасына дейін жіберілетінін, одан қытай атом станциялары үшін отын таблеткалары өндірілетінін» айтты.

  • Кеңес уақытында біздегі дайын өнім қоймаларында уран гексафторидінің 800 тоннасына дейін сақталатын. Тәуелсіздік жылдарында орта есеппен алғанда біз ресейлік кәсіпорындар үшін 300 тоннаға жуық отын таблеткаларын өндірдік. Яғни, бір мезгілде 200 тоннаға дейін және одан да көп осындай материал сақталған. Қазіргі таңда қоймаларда 40 тоннаға жуық ұқсас шикізат сақталады. МАГАТЭ  қорғауымен  оған тағы 90 тонна қосу болжанып отыр, бірақ олар жеке ғимаратта сақталатын болады. Жақын келешекте бізге өңдеуге мұндай материалдың 200 тоннаға жуығы әкелінеді, одан біз қытай атом станциялары үшін отын таблеткаларын өндіреміз», - деді А. Ходанов.