Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ирактың Мосул қаласын азат ету операциясы басталды

Ирактың Мосул қаласын азат ету операциясы басталды

Айқын-ақпарат
1617
Ирактың  Мосул қаласын азат ету  операциясы басталды Бүгін түнде Ирактың Мосул қаласын ДАИШ террористерінен азат ету үшін коалиция күштері әскери операция бастады.

 Түнгі сағат 01.40 та   Мосулға қарай алғашқы  шабуылды   Солтүстік  Ирак күрд автономиясына қарасты пешмерга  қарулы топтары бастаған.  Қазір коалиция  Мосулға  үш жақтан шабуыл жасап жатыр.

Ирак  премьер-министрі Хайдар  Әл-Абади  түнде «Әл-Иракие» телеарнасы арқылы  халыққа үндеу жариялап, жеңісті күндердің  жақын екендігін мәлімдеген. Ал әзірге  негізгі   шабуылды  пешмергалар мен Ирак армиясы  жасап жатыр. Дегенмен,  операцияға 36 елдің 30 мың әскері қатысатындығы  жөнінде ақпарат  тарады. Олардың басым  бөлігі  Ирак әскері  болғанымен АҚШ бастаған  коалция  күштері де ұрысқа қатысуда. Бірақ, тек  әуеден қолдау жасап жатыр.  Сонымен бірге ұрысқа  Иран да араласқан.  Парсылар  шийттік  «Хашди  шаби» тобын  Ирак армиясының  құрамында  ұрысқа қатыстырып жатыр.  Сонымен қатар парсылар  «Күрдістан жұмысшы партиясы»  деп аталатын ұйымның 3 мыңдық жасағын да  шайқасқа қатысуға көндірген. Ал Түркия   тікелей шайқасқа әскерін қатыстырған жоқ. Тек  кейбір топтарға   қолдау ғана білдіріп отыр. Сонымен бірге Ирак шекарасына  танктері мен  бронды  көліктерін топтастырып жатыр. Әзірге  Мосулдағы плотина аман тұр. Бірақ, террористер оны кез келген сәтте жарып  жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда   қала судың астында қалады.

 

А.Ізгілік