Негізгі бет  /  мақалалар  /  ОСКАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ ТҰТҚЫНҒА ТҮСТІ

ОСКАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ ТҰТҚЫНҒА ТҮСТІ

Айқын-ақпарат
1235
ОСКАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ  ТҰТҚЫНҒА ТҮСТІ Батыс жағалауында орналасқан Билин ауылының тұрғыны Эмад Бурнат осыдан үш жыл бұрын үздік деректі фильмі үшін атақты «Оскар» сыйлығын иеленген еді.

Өзінің бұл туындысында кинорежиссер Палестинадағы өмірді еш боямасыз көрермен назарына ұсынған. Әділетсіздік, адамдарды еш себепсіз тұтқынға алу, заңсыздық... 
Оның деректі фильмі Emmy Award, Sundance Award 2012, OneWorld секілді халықаралық бәйгелердің де бас жүлдесін алған болатын. Сондай-ақ, 2012-жылы Прагада өткен кинофестивальде «Үздік режиссер», 2011-жылы көрермен көзайымы және IDFA Awards жүлдесіне қол жеткізген.
Сірә, әділетсіз әрекеттерін әлем алдына жайып салғанын кешіре алмаған болу керек, үстіміздегі жылдың маусым айында Эмад Бурнат өзінің туған ауылы Билинге келгенінде, Израиль әскерлері оны төрт жолдасымен бірге тұтқынға алған. Содан бері режиссердің тағдыры туралы еш дерек жоқ.

 

muslim.kz