Негізгі бет  /  мақалалар  /  Назарбаевтың белгісіз фотолары жарияланды

Назарбаевтың белгісіз фотолары жарияланды

Айқын-ақпарат
1861
Назарбаевтың белгісіз фотолары жарияланды Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезінде комсомолдар съезі мен Хельсинкидегі жастар форумына белсенді қатысқаны туралы белгілі болғанымен, оның фотолары енді ғана жарияланды. Желіде президенттің белгісіз фотолары пайда болды.

Бұл - Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге алғашқы іссапарларының бірі.

 

«Лениншіл жас» газетінің редакторы Әбсаттар Бүлдекбаев Хельсинкиде Нұрсұлтан Назарбаевпен бір каютада болған сәтін еске алған еді. Ал Ақтөбе облысы комсомол комитетінің бірінші хатшысы Үкетай Байжомартовтың Хелсинкидегі 8 форумнан сақтаған материалдары арасынан Назарбаевтың фотолары да бар болып шықты.

Оларды Үкетайдың қызы, журналист Гүлбану Үкетайқызы көпшілітің назарына ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың белгісіз фотолары жарияланды (фото)

НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕЛГІСІЗ ФОТОЛАРЫ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ. ФОТО NUR.KZ / БАЛНИЯЗ ӘЖНИЯЗОВ

Фотода Үкетай Байжомартов, қасында Әбсаттар Бүлдекбаев, олардың алдында Нұрсұлтан Назарбаев.

Балнияз Әжниязовтың материалынан аударылды.