Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ғалымдар суды толық зерттеген бе?

Ғалымдар суды толық зерттеген бе?

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
2033
Ғалымдар суды толық зерттеген бе? Су - өмір белгісі. Табиғаттың осы бөлшегінсіз әрбір тіршілік иесі өмір сүрер ме еді? Теңдессіз құбылыстың біз білмейтін сырлары да жетерлік. Ал осы су туралы ғалымдар қандай зерттеулер жүргізді. Ендеше олардың жаңалығын назарға ұсынып, саралап көрелікші.

Су-сырға толы жұмбақ құбылыс. Ашылған сырынан, ашылмаған жұмбағы көп. Мұхит, теңіз, өзен мен көлдер, жер асты,топырақ құрылымы да судан тұрады. Миллиондаған жылдар бұрын пайда болған мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су. Атмосферадағы бұлт, тұман да су буларынан тұрады да, жерге жаңбыр, қар, бұршақ түрінде төгіледі. Бұл судың табиғаттағы біз білетін белгілі көрінісі. Енді нақытырақ, басқа бөлшектеріне тоқталсақ.

Су - адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Медицина саласының мамандары бұл тұрғыда кеңес бере отырып, деректер келтіреді. Су-денедегі азықты, дәрумен мен минералды заттардың негізгі еріткіші және ол арқылы магний, фтор, темір, йод, кальций секілді минеаралдар алынады, сондай-ақ, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырып, эритроциттың жұмыс өніміділігін аттыруға күш береді, дене температурасын реттейді. Ол адамның зейінін ашып, жұмыс өнімділігін арттырады және оның ешқандай жанама әсері болмайды.Әсіресе, инфекция мен обыр жазушаларын зақымданудан сақтап, сырқаттардың алдын алады. Тіпті бойымыздағы қанның 90%-ы, бұлшық еттердің 75%-ы, мидың 85%-ы, сүйектердің 28 %-ы судан тұрады. Осыдан кейін, сусыз тіршілікті елестетіп көріңіз.

Қазір су туралы үлкен ілім қарастырылған. Гидрология ғылымы - гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланысын зерттейді. Жер туралы ғылымның маңызды бөлшегі бола отырып, үлкен маңызға ие. Соңғы уақыттары гидрология мәселесіне астрологтар да, археологтар да жақын келіп жүр. Белгісіз су көзін табу, ұзақ жылдар сақталған су төңірегінде әңгіме көп.

Өткен жылы ғана Марста зерттеу жүрген марскезбесінің ғаламшар топырағынан су мөлшерін болғанын айғақтайтын дерек жеткізді. Сонда тіршілік көзі - Марста да болған ба? Ендеше Марста өмір болған ба?!

Бұл жаңалықты  Curiosity жобасыныа қатысып жүрген НАСА ғалымдар тобының мүшесі Лори Лешин арнайы құрылғылар арқылы топырақ үлгісін қыздырып, кейін одан су буының бөлініп шыққанын көргенде көпшілікпен бөліседі. Кейін топырақтың әр келісінің 2%-на дейін су болады деген тұжырым келтіреді. «Ал мұндай топырақтың бір текше метрінде бір литрге дейін су болуы мүмкін. Оны топырақ үлгісін жүздеген градусқа дейін қыздырып барып су буы ретінде алуға болады. Демек, топырақ Марс бетінде жеткілікті. Сондықтан бұл біз үшін нағыз сенсациялық жаңалық»,-дейді ғалым.

Ал күні кеше тағы бір ақпарат таңқалдырмай қоймады. 1200 жыл бұрын квевриге құйылған таза су табылды. Бұл Грузияның Кахетия аймағындағы Кварели жерінде V ғасырдағы қала орнына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында шарап құюға арналған ыдыстан табылды. Ең бастысы су қасиетін бұзбай, осыншама уақыт сақталғаны экцпедиция басшысынан бастап, діни қызметкерлерді де таңқалдырған көрінеді.Бұл туралы "Егемен Қазақстанда" Мұрат Айтқожа бөліскен еді.

Судың қасиеті жоғары. Кезінде атом бомбасын әзірлеу жиыныда бір қызық оқиға болыпты. Жиналыстағылардың көпшілігі атом бомбасы қаруын қолдаушылар көрінеді. Не керек, жиын аяқталады, әлгі көпшілік есік ашып, шыққалы жатқанда, барлығы құлап түседі. Кейіннен мұны тамақтан улану дейін десе, үстелге тамақ қойылмаған. Басты себепкер - су болыпты. Су табиғатқа қауіп төнетінін біле отырып, әңгімені тыңдау арқылы формуласын өзгерітіп үлгерген көрінеді. Нәтижесінде қарсылығын ашық білдіреді. Сол үшін де су қасында жақсы сөйлеу де абзалырақ болар?! Әлі толық сыры ашылмаған құбылыс, тіршіліктің негізгі формуласын құрап отыр.

Дайындаған: Д.Балабекұлы