Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қолтаңбасы бар бокс қолғаптарын үлестірді

Қолтаңбасы бар бокс қолғаптарын үлестірді

Айқын-ақпарат
664
Қолтаңбасы бар бокс қолғаптарын үлестірді Алматыдағы «Алматы арена» сарайында 29 қазан күні ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жекпе-жекке орай Қанат Ислам бүгін жанкүйерлері алдында өткізген ашық жаттығудан соң өз қолтаңбасымен бокс қолғабын таратты.

Қанаттың ашық жаттығуын тамашалауға келген спорт сүйер қауым қатары көп болды, «Қанат чемпион!» деген жанкүйерлер айқайы қарапайым адамдардың да назарын аудартты.

«Бұл маған үлкен қолдау!»,  - деген Қанат Ислам қарсыласының оңай емес екенін тағы да айтты.

«АҚШ-тан жаттықтырушым келіп, соңғы бір айдағы дайындығым сапалы болды. Тастүйін дайынбыз. Жанкүйердің бүгінгі қолдауы бұл маған үлкен демеу. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл. Алматы қаласының 1 000 жылдығы. Осы ұлы тойда жауапкершілік еселей түсетіндей. Қарсыласты жаттықтырушымен күнде қарап отырмыз. Рекорды менен жоғары, 28 нокауты бар. Соққылары жойқын. Өте сақ болу керек. Сондықтан жан-жақты дайындалып жатырмыз. Қарсыласым деңгейіне қарай шетелден де спортшылар әкеліп дайындық жасап жатырмыз», - деді Қанат Ислам.

null 

Сөз соңында Қанат Ислам 29 қазанда өтетін жекпе-жегін көруге және өзге де қазақ спортшыларының сайысын тамашалауға шақырды.

Айта кетейік, 29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғау және құрлықаралық WBO чемпиондық белбеуі үшін ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жекпе-жекке шығады.

null 

Бүгін жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам бүгін Алматыдағы «Мега» сауда орталығында көпшілік алдында жаттығу өткізді.

29 қазанда жанкүйерлер жас спортшы, Рио Олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының да кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін көреді. Жәнібек алғашқы кездесуін колумбиялык Милтон Нунеспен өткізеді.

Сонымен қатар, «Алматы арена» мұз сарайында өтетін бұл айтулы бокс кешінде еліміздің кәсіпқой боксшылары: Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәріпбаев, Айдос Ербосынұлы сынды былғары қолғап шеберлері шетелдік кәсіпқой спортшылармен қолғап түйістіреді.

null 


 

Қазақпарат