Негізгі бет  /  мақалалар  /  ҰҚШҰ тероризмді ауыздамақ

ҰҚШҰ тероризмді ауыздамақ

Айқын-ақпарат
930
ҰҚШҰ  тероризмді ауыздамақ Бүгін Армения астанасы Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының (ҰҚШҰ) кезекті саммиті өтуде.

ҰҚШҰ жиынына әуелде президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың өзі қатысады деп жоспарланған еді. Бірақ осы аптаның басында Ақорданың баспасөз қызметі Елбасы «суық тиіп, сырқаттанып қалғанын»және «жоспарлы түрде емделіп жатқанын» хабарлаған  еді. Ақорда Назарбаевтың осы аптаның соңына дейін халықаралық жиындар мен кездесулерге қатысу жоспары жоғын  ескерткен.Содан  болар, президенттің орнына Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға барды. Бұл саммитте  ҰҚШҰ-ның  2025 жылға  дейінгі  стратегиясы,халықаралық және аймақтық жағдай, тероризм  мен  экстремизм т.б  мәселелер  қаралмақ.  Бұл  жөнінде ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа:  саммит барысында террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасау мәселесін талқыға салмақ дейді. ҰҚШҰ басшысы бұл жобаның өзге халықаралық ұйымдардың ешқайсысында жоқ екендігін жеткізді. 
«Біз мүлдем жаңа жобаны ұсынғалы отырмыз - ол ҰҚШҰ террористік ұйымдарының бірыңғай тізімі. Біз оның тетіктерінің барлығын жасадық. Айта кететін мәселе - халықаралық құрылымдардың бірде-бірінде ұйымға мүше елдердің барлығында мойындалатын террористік ұйымдардың тізімі жоқ. Біз бірінші болып осы тетікті іске қостық. Біз оны келістік, енді, оны мемлекет басшыларының бекітуіне ұсынамыз»,-деді ол.

                                  Айнұр Қазыкенова