Негізгі бет  /  мақалалар  /  Таиланд халқы бір жыл бойы аза тұтады

Таиланд халқы бір жыл бойы аза тұтады

Айқын-ақпарат
899
Таиланд халқы бір жыл бойы аза тұтады  Таиланд халқы корольдің қазасына байланысты бір жыл бойы аза тұтады. Патша кеше 88 жасында ұзақ жылға созылған науқастан ауруханада көз жұмған еді.

Енді ту ай бойына төмен түсіріледі. Мемлекеттік қызметкерлер бір жыл қара киім киюге міндеттелді. Премьер-министр Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күн бойы көңіл көтеру шарасынан бас тартуға шақырған. Үкімет қабылдаған бұйрыққа сәйкес, бүгін, яғни 14 қазан корольдік аумағында демалыс күні болып жарияланды. Қазір барлық ұлттық телеарна эфирінен корольдің өмірі туралы деректі фильмдер көрсетіліп жатыр.

Айта кеткен жөн, Таиландты 70 жыл бойы басқарған Пхумипон Адульядет - әлемде тақта ең ұзақ отырған монарх.

24.kz