Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жақсы адамдар іздеңіз

Жақсы адамдар іздеңіз

Жолдасбек Дуанабай
956
Жақсы адамдар іздеңіз Адамның денсаулығы бірге жұмыс істейтін әріптестеріне де байланысты екен. Өйткені адамдар өз өмірінің бір бөлігін жұмыста өткізеді.

Квинсленд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсеткендей, ұжым қандай болса, адамдардың денсаулығы да соған ұқсас. 15 мемлекеттен 19 мың адам қатысқан 58 зерттеу жұмыстары осыны көрсеткен.
«Еңбек ұжымының бір бөлшегімін» деп ойлайтын жандардың денсаулығы жақсы болып шыққан. Сонымен қатар олар қызуқандылыққа апаратын сәттермен жиі ұшырасқан. Әлеуметтік идентификация (өзін белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызатындар) адамның физикалық және психикалық жағдайына қолайлы әсер етеді. 
Ғалымдардың айтуынша, ұжым мүшелерінен әр адамға қолдау қажет. Ұжым мүшелерінің ұйымшыл болу - өте пайдалы. Ондай жерде қуаныш пен қайғыны бірдей бөлісе аласыз. Жанашырыңыз көп болады. Бір ерекшелігі әйелдер көбірек ұжымда байланыс нашар болып шыққан. 

Фото: Д.Балабекұлы