Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қызметке қылау түспесін

Қызметке қылау түспесін

Айқын-ақпарат
793
Қызметке қылау түспесін Қызылордада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті.

Жиында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» іске асыру бойынша «Жол картасын» жүзеге асыру барысы талқыланды.

2016 жылдың тоғыз айлық қорытындысы бойынша облыста Әдеп кеңесінің отырысында қаралған сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жайлы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев баяндама жасап, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға қатысты фактілерді егжей-тегжелі баяндап берді.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, ағымдағы  жылдың 9 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, барлығы 37 мәселе қаралған. Оның ішінде 26-ы мемлекеттік қызметшілерге  қатысты тәртіптік істер екені айтылды.

Тәртіптік істердің 12-і жер заңдылықтары, 9-ы мемлекеттік сатып алу заңнамалары бұзылуына байланысты қозғалған. «Әдеп жөніндегі  кеңестің ұсынымдары негізінде 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 3-не  Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін «ескерту», «сөгіс», «қатаң сөгіс» тәртіптік жазалары қолданылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған үшін 11-і «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жазасы қолданылды. Ал,  2 азамат  атқарып отырған лауазымынан босатылды», – деді  департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев.

Отырысқа төрағалық еткен облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары  Әділбек  Ерсұлтанов жемқорлықпен күресте «Нұр Отан» партиясының рөлін ерекше атап өтіп, сыбайластықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге тоқталды. Бұл орайда ол бастауыш партия ұйымдары  жедел жұмыс жасап, партиялық тәртіптің қатаң сақталу қажеттігін әрбір мүшесіне  насихаттап отыруы тиіс. Ал мемлекеттік қызметшілер қызметтік жауапкершілікті жете сезінулері тиіс», – деді. 

Миуа БАЙНАЗАРОВА