Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трамп әлемге қауіпті ме?

Трамп әлемге қауіпті ме?

Айнұр Қазыкенова
1342
Трамп әлемге қауіпті ме? Көп ұзамай АҚШ президенті ауысады. Бірақ президенттікке тартыс әлі аяқталған жоқ.

Додаға түскендердің  бәрі шығып қалғанмен,  бәсеке   Хиллари  Клинтон мен Дональд Трамп  арасында  өрбуде.  Сарапшылар   аламан сайыста кімнің аты  озып  келетінін өздерінше  жорығанымен  қарашаның 8 күнгі  сайлау кімнің  жұлдызы жанып  тұрғанын  белгілеп бермек.Дегенмен  осы екі  үміткердің атынада  жақсы сөздер  көп  айтылып  жатқан  жоқ.  Әсіресе Дональд  жөнінде.  Мәселен,  «БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн Ресейдің сынын қабылдамай, АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трампты «халықаралық ұстаным тұрғысынан алғанда қауіпті президент»  болатынын мәлімдеді»- деп жазады Азаттық  радиосы.  Осы аптада Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Зейд Раад әл-Хуссейн Батыс елдерінің басшыларын сынауға тиісті емес және тек адам құқығын қорғау мәселесімен айналысқаны жөн деген еді. Бірақ Зейд 12 қазанда Дональд Трамптың кейбір мәлімдемелері «қатты алаңдатады» деп атады. Журналистермен әңгімесінде ол «популистер мен демагогтардың» иммигранттар мен басқа да әлеуметтік әлсіз топтар үшін тудыратын қауіптеріне қатысты ескертпелерінен бас тартпайтынын айтты. «Дональд Трамп өз пікірлерінен айнымаса, онда президент болып сайланған жағдайда халықаралық қауымдастыққа қауіпті болады» деді БҰҰ бас комиссары. Кім не десе о десін. Сайлау алында  кез-келген үміткер өзін керемет қылып көрсететіні белгілі. Бірақ таққа отырысымен өзгеше сайрап кететіндер көп. Трампта  солардың  бірі  болмасын.

                    Айнұр Қазыкенова