Негізгі бет  /  мақалалар  /  Балық аулау спорты Олимпиада бағдарламасына ұсынылды

Балық аулау спорты Олимпиада бағдарламасына ұсынылды

Айқын-ақпарат
957
Балық аулау спорты Олимпиада бағдарламасына ұсынылды Халықаралық балық аулау спорты конфедерациясы қармақпен балық аулауды 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізу туралы ресми ұсыныс жасады.

Конфедерация  балық аулау  спортының   өте  танымал екенін, мұны  Олимпиадалық ойын  түрлерінің қатарына қосу  олимпиада идеалына сәйкесетіндігін мәлімдеген.

Қармақпен балық аулайтындар  бұл спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енер болса  ұсталған балықтардың суға қайтадан  жіберілетіндігін алға тартып отыр. Бірақ,  Конфедерацияының ұсынысына  қарсы  шығушылар болса  қармаққа балықтың  ілінуі  шеберліктен гөрі сәттілікке тікелей  байланысты екендігін айтады. Әрі  балық аулауға қызықпайтындар үшін  іш пыстыратын  спорт түрі екендігі  тағы бар.  Содан да болса керек,  Конфедерация  басшысы  Ференц Салайдың  ұсынысы қабылдана қоярына  күмән басым.