Негізгі бет  /  мақалалар  /  Грекияда неге мешіт жоқ?

Грекияда неге мешіт жоқ?

Айқын-ақпарат
686
Грекияда неге мешіт жоқ? Грек жерінде мұсылмандар болса да, олардың ғибадатханалары әлі күнге дейін салынбапты. Афина бірде-бір ислами ғимараты жоқ Еуропа астанасы саналады.

Мұсылмандардың қуанышына орай, енді бұл елде ең алғашқы мешіт бой көтермек. Мұсылмандар қанша жылдан бері аңсап келе жатқан мешіттің құрылысы басталып та кетті.
Оның Вотаникс деген ауданда салынатынын Greek Reporter-ге сілтеме жасай отырып, IslamNews хабарлады. Аталған мешіт құрылысы Грекияның әскери-теңіз күшінің казармасының ғимаратында жүргізіледі.
Мешіт құрылысын жүргізу туралы ұсыныс қаншама рет кері қайтарылып, оны мұсылмандар жылдап күткен еді. Жұма намазы жертөлелерде, тұрақтарда және т.б. елеусіз жерлерде өткізілді. Мұсылмандардың дұғаларының қабыл болғаны шығар, соңында ел парламенті құрылысқа рұқсат беру жөнінде шешімге келді.
Мешіт құрылысына ел бюджетінен 887 000 евро бөлінген. Жарты жылда мешіт құрылысы толық аяқталады деп отыр.