Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қаңғыбас иттер автокөліктің быт-шытын шығарды

Қаңғыбас иттер автокөліктің быт-шытын шығарды

Айқын-ақпарат
924
Қаңғыбас иттер автокөліктің быт-шытын шығарды  Түркияда автомеханик болып жұмыс істейтін ер адам таңертең дүкеннің жанына қойылған көлігінің қирап қалғанын көреді. Ол көлікті ұрламақ болды деген оймен полиция шақыртқан, деп хабарлайды Hurriet daily news.

Алайда бақылау камерасының жазбасы оқиғаға адамның қатысы жоқ екенін көрсетті, көлікке қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Неге екені белгісіз, олар көлікке жүгіріп келіп, оны жұлмалап, терезесін шағып, бөлшектеп тастаған.

Зардап шегуші алғашқыда көліктің астына мысық жасырынуы мүмкін деп ойлаған екен, алайда камераға түспеген болып шықты.

Көлік иесіне бес мың лира (шамамен 525 мың теңге) шығын келген.