Негізгі бет  /  мақалалар  /  Компания қызметкерлерін кәсіпкерлікке шақырды

Компания қызметкерлерін кәсіпкерлікке шақырды

Айқын-ақпарат
751
Компания қызметкерлерін кәсіпкерлікке шақырды «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалы кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесі мүшелерімен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын насихаттауға арналған кездесу ұймыдастырды.

Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымын өткізілген басқосуға аудандық кәсіпкерлік  бөлімі, ОҚО «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы және кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында «Ордабасы құс» компаниясының басшысы М.Тағаев  еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық жобасы арқылы жүзеге асып жатқан күркетауық құс кешенінің бүгінгі жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекет қолдауының шарапатын көрген компания бүгінде жылына 10 мың тоннаға дейін күркетауық етін өндіреді. Компания басшысы жиналғандарға бүгінде елімізде кәсіпкерлікке кең өріс бар екенін, жасқанбай жұмыс істеуге болатынын айтып өтті. Ал, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы П.Ташимова кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы құны 6 млрд 362 млн теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданыпты.

– Бүгінгі таңда елімізде көптеген  бағдарламалар бизнесті қолдауға бағытталып отыр. Бірақ, бұл жөнінде көпшілік біле бермейді. Біз жас кәсіпкерлерге олар үшін қолайлы және ұтымды жолдарын таңдауға көмектесеміз. Бағдарлама аясында банктен алған неситесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялай алатынын айтамыз, – дейді П.Ташимова.

Басқосуда бұдан бөлек, аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының директоры Т.Балабаев «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бірқатар шаралардың атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, кездесуде ұжым мүшелері орта және шағын бизнесті қолдау бойынша қажетті ақпараттармен қамтылып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

  Назгүл НАЗАРБЕКОВА,

Оңтүстік Қазақстан облысы