Негізгі бет  /  мақалалар  /  Уақытша неке ұсынатын 700 сайт жабылды

Уақытша неке ұсынатын 700 сайт жабылды

Айқын-ақпарат
827
Уақытша неке ұсынатын 700 сайт жабылды Иран елінде уақытша неке қызметін ұсынып, жеңгетайлықпен айналысатын мемлекеттік емес 700-дей сайт жұмысына тыйым салынды, деп жазады muslim.kz.

Бұл жайында елдің Ішкі істер министрлігінің ақпараттық технология бөлімшесі төрағасы Камаль Хади Энвер мәлімдеді. Ал, сайт қожайындарына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оның айтуынша, көптеген сайттар шииттік ғұламалардың мақұлдауымен жұмыс істеп келген көрінеді.

Айта кетейік, Иран еліндегі алғашқы уақытша неке сайты 2015 жылдың маусым айында іске қосылған болатын. Аталмыш сайттың Жастар ісі және спорт министрлігінен алған арнайы лицензиясы да болған. Сол кезде министр орынбасары Махмуд Голрази «жаңа сайт 100 мың отбасының құрылуына септігін тигізеді» деген үмітін де айтып қалған болатын. Сондай-ақ, сол уақыттағы Ирандағы бойдақтар саны 11 млн-ның үстінде болған екен.

Baq.kz