Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ұлттық құрама Смақовты «зейнетке» шығарып салды

Ұлттық құрама Смақовты «зейнетке» шығарып салды

Айқын-ақпарат
837
Ұлттық құрама Смақовты «зейнетке» шығарып салды Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов ұлттық құрамадағы карьерасын тәмамдады, деп хабарлайды BNews.kz.

Футболшы құрамадағы соңғы ойынын 11 қазан күні 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Румынияға қарсы өткізді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Смақовтың көшбасшылық қасиетін ерекше тілге тиек етті. «Оның бұл қасиеті, әсіресе, кешегі матчтың екінші таймында айқын көзге ұрып тұрды», - дейді бапкер.

Команданың қорғаушысы Дмитрий Шомко: «Румынияға қарсы ойында бүкіл жігіттер ел үшін, өз капитаны үшін жанын салып, Смақовтың құрамадан абыроймен аттануына барын салып ойнады», - дейді.

Әріптестері Смақовты киім ауыстыратын бөлмеде төбелеріне көтеріп, құрметпен шығарып салды.

BNews.kz