Негізгі бет  /  мақалалар  /  Несиенің орнына инвестиция ұсынады

Несиенің орнына инвестиция ұсынады

Айқын-ақпарат
838
Несиенің орнына инвестиция ұсынады Қазақстан қор биржасы (KASE) қарағандылық кәсіпкерлерді қара­жат тартудың оңтайлы құра­лын пай­да­лануға шақырып отыр.

Елімізде көптеген орта және ірі кә­сіп­орындар екінші деңгейлі банк­­­терден несие алуға бейім. Кә­сіп­­керлікті дамыту үшін несие алу­дың қажеті жоқ. Ол үшін қор бир­жа­сы­ның көмегіне жүгінген абзал. Бұл ту­­ралы «Қазақстандық қор бир­­­­жасы» АҚ эмитенттермен және ин­­вес­тор­лармен жұмыс бөлі­мі­нің бас­­­шысы Аслан Қалиғазин мә­лім­­деді. Ол кез келген шетелдік ин­вес­тор кәсіп­орынды іздеген кезде, он­ың қор бир­жасындағы мәлімет­те­­ріне көз ті­гетінін атап өтті.
– Егер шетелдік инвестор сіздің кәсіпорныңыздың үлесіне кіреді де­ген ықтималдық болса, аудитке да­йын­далу қажет. Алайда сіз (KASE) ті­зі­міне енсеңіз, ешқандай аудиттің керегі жоқ, сіздің ком­панияңыздың құны баршаға мәлім болып тұрады. Биржадағы баға әділ баға болып есеп­­­теледі және ол банктер, зей­не­тақы қор­лары, мемлекеттік орган­­дар сияқты бар­лық қаржылық ин­с­­­­ти­туттар тара­пынан мойын­дал­ған баға болып есеп­те­ле­ді. Шетел­дік инвес­тор­лар­мен келіссөздер жүр­гіз­ген кезде, сіз еш күмәнсіз «М­е­­нің компа­ниям­ның бағасы  осын­дай, бағалау үшін, ешқандай қо­­­­сым­ша аудиттің қа­жеті жоқ» деп айта аласыз, – деді қор биржа­сы­ның өкілі.
А.Қалиғазин ІPO өткізу тек ин­вестициялар тарту ғана емес, биз­­нестің нарықтық бағаға дайын екен­дігінің белгісі екендігін баян­да­ды. Сонымен бірге, дамудың жа­ңа са­па­лы сатысына өту – ин­вес­тиция тарту үшін тиімді талап­тар­ға жол ашатын көпшілік компа­ния мәрте­бесін алу деп түсіндірді. Сон­дай-ақ ол мұны компания ие­ле­­рінің капитал иелеріне айналу мүм­кіндігі екенін де атап өтті.  
Бұл ретте ІPO-ның негізгі саты­ла­рына мыналар жатады: қар­жы­лық кеңесші тарту, акцияларды ор­­­на­­ластыру және листингілеуге да­­йын­дау, (KASE)-де акцияларды лис­тин­гілеу, акцияларды қор бир­­­жа­сында сатылымға шығару неме­се жа­зы­лым­дар жасау, екінші дәре­же­лі на­рықта сау­даға шығару.
Биржа басшысы қазақстандық BAST АҚ мен «Ақтөбе металл құ­рас­тыру зауыты» АҚ секілді ком­па­ния­ларды мысалға келтірді.
«Шығыс Қазақстан облысының BAST компаниясының қолында қор нарығына шығар алдында тек кен орны мен пайдалы қазбаны пай­­­­­далануға рұқсат беретін лицен­зия ғана болды. Олар банктерге ба­­­­рып несие алмақ болған, алайда банк­тер оларға несие бермеген. Ол­ар акция жариялап, содан ком­па­ния құны арт­қан. Тартылған қа­ра­жатқа олар цех­тар салып, өнді­ріс­ті бастады. Сосын олар ак­­­­­­­ция­­лардың бір бөлігін банкке жыл­­­жымайтын мүлік пен жер те­лім­­­­дерінің орнына мүлік ретінде сал­ды. Ол банк үшін өте тиімді бол­мақ.  Ак­ция­ларды сатып, несие алды, сол қа­ра­жатқа өндіріс кеше­нін салып үлгерді» деді биржа бас­шы­сы.
Ақтөбелік кәсіпорын, кері­сін­ше, өз ісін көп жылдар бұрын аш­қан екен. Мекеме 90 жылдардан бас­тап жұмыс жасап келеді және қа­­­­­раған­дылық «Имсталькон» ЖШС­­ мен бір­не­ше ресейлік өнді­ріс орын­да­рымен бәсекеге түсе ала­­ды. Ком­па­ния өн­ді­ріс көлемін ұл­­ғайту, қарыз­дардан ары­лу мақ­са­тын­да бірнеше несие ал­ған. Қор нарығында олар миллиард теңгеге жуық қаражат тарт­қан. Осы қаржы ар­­қылы кәсіпорын несиелерін жа­уып қана қоймай, жаңа зауыт са­лып, тың жобаларды да қолға ал­ған. Ескеретін жайт, биыл көк­тем­де дел­далдар «АМЗ» АҚ акция­ла­рын роуд-шоу шеңберінде қараған­ды­лық­тарға да ұсынып көрген. Бас­тап­қыда құнды қағаздың бір да­на­сы 11 177 теңге тұрса, бүгінде қор­­­­­дағы ба­ға­сы 16 000 теңгеден ас­­­қан. Шығыс­қазақстандық BAST ак­­циялар ба­сын­да (сәуір 2015) 20 мың теңге болса, бүгінгі күні ба­ға­сы екі есеге өскен.  
– Көптеген компаниялар мұн­дай мүмкіндіктің бар екендігін біле бер­мейді. Барлығы биржа – қиын, өте қымбат, көп білімді қажет етеді деп ойлайды. Оған қарағанда мү­лік­ті кепілге беріп, банктен несие алу жеңіл деп санайды. Ол мүлде дұ­­рыс емес. Оған компанияны да­му­­­дың жаңа сатысына шыға­ра­тын қо­сымша қаржылық құрал деп қа­ра­ған жөн. Әр облыстың өз брен­ді бар. Олар мүдделі инвес­тор­ларды тар­туы мүмкін. Сол үшін, олар­ға көп­шілік компания болу мүм­­кін­дігін пайдалану қажет, – дей­­ді ин­весторлармен және эми­тент­тер­мен жұмыс жасау бөлімінің ма­ман­­­дары.
Өңір кәсіпкерлерімен кез­де­су­ден кейін (KASE) және брокерлік ком­пания өкілдері көпшілік ком­па­ния болуға қызығушылық та­ныт­қан  «Пром­­техпрогресс» ЖШС, «Теп­лот­ран­зит» ЖШС, Common mar­ket ЖШС сынды орта және ірі кә­сіп­орындарында болып қайтты. 


Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы