Негізгі бет  /  мақалалар  /  Президент саясатын шетелдегі ағайын да түсінеді

Президент саясатын шетелдегі ағайын да түсінеді

Айқын-ақпарат
803

«Алем»  волонтерлық орталығы заң­ды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Рес­­­­пу­­бликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­­­дығы аясында шетелде тұратын қан­дас­тарымыздың арасында «Мәң­­­­­­гілік ел» патриоттық актісін және бес институттық реформасын наси­хат­тау» «ltg» деп аталатын дөң­ге­лек үстел өтті. Бұл шараның  мақ­са­ты – шетел­дерде тұратын қан­дас­тарымызға ре­фор­маларды тү­­­сін­діру. 
Аталмыш іс-шараға  қазақ диа­с­­­порасы мен зиялы қауым өкіл­де­рі, Моңғолия, Қытай елінен қо­ныс ау­дарған Бахыткүл Зар­кұ­мар, Ал­тын Шапақ,  Дәулетберді Жө­­­­кей жә­не  басқа да оралман ақын-жазу­шы­лар, шетелде тұрып жа­тқан ба­уырлар, атап айтқанда, Ша­хе­­ре­зада Исмаи­ло­ва, Оразай Жеңіс­ұлы сы­нды  аза­мат­тар, қала­ның бел­сен­ді жастары мен қоғам­дық жас­­тар ұйымдар, жал­пы ин­тер­­нет пай­да­ла­нушылар қа­тысты.  
Дөңгелек үстелдің негізгі мақ­са­­ты – жастарға және жиын өкіл­де­ріне Елбасы Жолдауының мақсат-мін­деттерін түсіндіру, мемлекет  тари­хын терең білуге, елін, жерін құр­­меттеуге, саналы болуға, ынты­мақ­тастыққа, бір­лікке, елімізді өр­кендетуге, білімді ұрпақ болуға үлес қосу мәселесін  насихаттау еді. Со­ның ішінде ата­жұртқа оралған  немесе осында  оқып жүрген  жас­тар­ға Қазақ­станның, Елбасының   сая­­сатын түсіндіру де көзделген еді. 
Дөңгелек үстел жиынының мо­де­­раторы Дәулеткерей Кәпұлы  ше­тел­дердегі  қазақтарға   Қазақ­стан­­ның саясатын, стратегиясын тү­сін­дірудің маңызды екендігін атап өтті.  Өйткені  Қазақстанның  әлем­ует­тік-экономикалық сая­сатын,   ұзақ мерізімді  стра­те­гия­сынан  хабардар  болу шетел­дер­де тұратын  қазақтардың ата­жұрт­пен байланысына қосымша  сер­пін берері анық.