Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясы: Ойлы, озық, озат бастамалар ордасы

«Нұр Отан» партиясы: Ойлы, озық, озат бастамалар ордасы

Айқын-ақпарат
852
«Нұр Отан» партиясы:  Ойлы, озық, озат бастамалар ордасы Астанада іске бейім жандар көп

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев саяси кеңес бюросының отырысын өткізіп, азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар астананы да­мытуға бағытталған әлеуметтік және инно­вация­лық жобаларды іске асыруға көмек беруді сұрады.
Олардың арасында Best for kіds қоғамдық қоры жанындағы GreenTAL тоқыма  шебер­ха­на­сының жетекшісі Эмин Әскеров те бар. Ол әлеу­меттік деңгейі төмен жандарды тегін  оқытуға және содан соң жұмысқа тұрғызуға бағытталған жобасы жайлы айтты. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды, балалар үйінің түлектерін, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленген жас жеткіншектерді қамту қарастырылған екен. Қа­зіргі күні осы жобаның арқасында 30-дан астам адам тоқымашы оқуынан өтіп, оның ішінде 12 мүмкіндігі шектеулі жан кәсіпорынға жұмысқа орналасқан.
– Тоқымаға сұраныс аз болғандықтан, біз ағаш жиһазын кәдесыйлықтарды жасау және кеңі­нен тарату туралы шешім қабылдадық. Бұл жо­баның негізгі мақсаты – табыс табу емес, ке­рісінше, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс­пен қамтамасыз ету. Жоба енді ғана бастау алды, сондықтан біздің қажетті орындарды жалға алуға мүм­кіндігіміз жоқ. Сондықтан біз өнімдерді сату­ға және сату нүктесін табуға көмекті пар­тиядан сұраймыз, – деді ол.
Қабылдау барысында Эмин Әскеров пар­тиялықтардың тағы да бір әлеуметтік жобасымен таныстырды. Ол – мүмкіндігі шектеулі азамат­тарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Green Hope – Жасыл үміт»  әлеуметтік және инновациялық жобасы.  Жобаның мақсаты – жасыл өнімді үйде өсіру. Ал GreenTAL кәсіпорны азаматтардың өнімін сатуға, тұқыммен қамта­масыз етуге қолдау көрсетеді.
Филиал төрағасы Ә.Исекешов жобаларды қол­дап қана емес оларды одан әрі дамытуға ұсы­ныстарын берді.  
– Бұл қызықты жобалар екен. Мен тиісті бас­қармаларға жобаны қолдауға тапсырмалар беремін. Барынша көп адамды қамтысақ жақсы болар еді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек беру бойынша осындай да бағыт қарастыруға болады. Біз қазіргі уақытта «Ақылды қала» жо­ба­сын енгізіп жатырмыз, сондықтан бүкіл әлеу­меттік басқармалар ІТ-негізге өтетін болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютерлермен жұмыс істеу ыңғайлы. Жұмыс мектептерде және көптеген әлеуметтік мекемелерде, ауруханаларда кең ауқымды түрде жүруі керек.  Сондықтан біз осы жолмен жұмыспен қамту мәселесіне кө­мектесеміз,  – деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ  елорданы  заманауи  инновациялық бағытта дамыту мақсатында «Нұр Отан» пар­тиясы Астана қалалық филиалы жанында инно­вациялар жөніндегі Кеңес құру ұсынылды. Жо­баның бастамашысы Арман Нұрғазинның айтуын­ша, Кеңес жобаларды іріктеу және зерт­теумен, Астана қаласы кәсіпорындарын ин­но­вациялық белсенділіктерін арттыру бойынша механизмдер жасаумен және елорданың инновациялық қызметіндегі басым бағыттары бойынша ұсыныс берумен айналысатын болады. 
Жалпы алғанда, азаматтарды қабылдау кезін­де партия филиалының төрағасына елорданың жас кәсіпкерлері үшін бизнес-инкубатор құру­дан бастап, Астана таланттарын қолдауға дейінгі түрлі жобалар ұсынылды.
Бұдан бөлек, дәл осы күні «Нұр Отан» пар­тиясы АҚФ төрағасы, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен бюро отырысы өтті. Бюро отырысы барысында 2015-2019 жыл­дарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойын­ша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін қаржысын және бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсалуына бақылау бойынша комиссиялардың, Астана қа­ласы мәслихатындағы депутаттық фрак­ция­ның жұмысы туралы мәселелер қаралды.   
Сонымен қатар партияның аумақтық фи­лиалдарында партиялық конференцияларды өткізу кестесі және Астана қаласы бастауыш пар­тия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыс­тарын өткізу кестесі бекітілді. Отырыс қорытын­дысы бойынша Астана қалалық партиялық ұйымының XXІV есеп беру-сайлау конференция­сын өткізу туралы шешім қабылданды. 
Филиал төрағасы Әсет Өрентайұлы отырыс ба­рысында және азаматтарды қабылдау барысында қойылған сұрақтарды назарына алып, тиісті басқармаларға осы мәселелерді жан-жақты талқылауға нақты тапсырмалар берді.
Азаматтарды қабылдауды тұрақты түрде бекітілген кестеге сай ұйым басшылары, қалалық мәслихат депутаттары жүргізеді. Қабылдаулар жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда алдын ала жарияланып отырады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу  қоғам мен билік арасындағы диалогтық алаңды кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.