Негізгі бет  /  мақалалар  /  Балаларға қажеттінің бәрі бар

Балаларға қажеттінің бәрі бар

Қанат МАХАМБЕТ, Астана
977
Балаларға  қажеттінің бәрі бар «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері партияның «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыру аясында тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» балабақшасына барды.

Мектепке дейінгі білім беру ісімен ай­налысатын аталмыш мекеменің қыз­мет­керлеріне айрықша қа­жеттілігі бар бүлдір­шін­дерді әлеуметке бейімдеу және кешенді ме­дициналық-педагогикалық, әлеуметтік-пси­хологиялық көмек көрсету арқылы оқы­ту міндеті жүктелген.

Рейд түрінде ұйымдастырылған іс-шара кезінде ба­лабақшадағы санитарлық та­лаптар, мүмкіндігі шектеулі жандарға ың­ғайланған пандустар және  балаларды оңал­туға арналған жабдықтар тексерілді.
Іс барысында жұмыс тобы сал ауруына шал­дыққан Әлихан есімді баланың био­логиялық кері байланыс аппаратынан ем алған сәтіне куә болды. Мамандардың айтуынша, жоғарыдағы аппарат науқастың миы­на белгі береді, нәтижесінде, бала түрлі тапсырмаларды орындайды және ойнайды. Осы арқылы өзінің тірек-қозғалыс ап­па­ра­тын дамытады.
«Бүгін біз сараптамалық топ өкіл­дері­мен бірге бейім­деу шараларын тексеріп жа­тырмыз. Қазіргі уа­қытта «Жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңбе­рін­де қажетті қаражат бөлініп, тиісті жағдай жасалуда.
Мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жан­дардың білім алуы мен жұмысқа орна­ласуы­на ерекше назар аударуы бізді қатты қуан­тады.  Мен 20 жылдан бері қоларбамен жүре­мін. Соңғы кезде қоғамда күрделі өзге­рістер орын алды. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар бұрынғы кедергілер мен қор­қыныштардың барлығын сырып тастап, отбасы құруға, өмірге ұрпақ әкелуге бел буа­тын болды. Бір кездері бұл мүмкін емес еді. Осыдан 10 жыл бұрын бізге далаға шығу­дың өзі мұң еді. Қазір мен үйде оты­рып тегін таксиге тапсырыс бере аламын. 
«Асыл бөбек» балабақшасында бала­лар­ға жасалған жағ­дай да менің көңілімнен шы­ғып отыр. Мамандар­дың мінсіз қыз­меті, кинозал, демалыс бөлмесі бар­лығы ке­ремет ойластырылып, керемет жасалған» деді «Дос тәуелсіз өмір» орталығы қоғамдық бірлес­тігі­нің төрайымы Дина Ерділдинова.
Айта кетейік, Астана қаласы бойынша тек осы жер­де ғана  тірек-қозғалыс аппара­тында ақауы бар бала­ларға барлық жағдай­ жасалған. Мұнда кинозалдан бөлек арнайы бассейн мен сауна, дамыту бөлмелері, спортзал бар.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық фи­лиа­лының жұмыс тобы атқарушы билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері­мен  бірлесіп,  дәл осындай тек­серулерді 2013 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Биыл 23 әлеуметтік маңызы бар 23 нысанға 9 рейд жа­салды. Жұмыс тобы анықтаған кем­шіліктерден соң  7 нысан толық бейім­деуден өтсе, 13 нысанға қайта бейім­деу жұмыс­тары жүргізілді.