Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кемшіліктер бір ай ішінде түзетіледі

Кемшіліктер бір ай ішінде түзетіледі

Айқын-ақпарат
777
Кемшіліктер бір ай ішінде түзетіледі Алматы облысы Талдықорған қаласында «Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы тиісті орындар тарапынан қатаң бақылауға алынған.

 Соның ішінде «Нұр Отан» партиясы ел игілігіне асыру үшін  Ұлттық қордан нақты бағыттарға бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуын тұрақты назарда ұстайды. 

 

Жақында Талдықорған қалалық мәс­лихатындағы «Нұр Отан» партиясы депу­таттық фракциясындағылар мен пар­тия­лық бақылау комиссиясының мү­ше­лері бір­лесіп, «Білім беру саласының инф­рақұрылымын дамыту» бағыты бойынша атқарылып жатқан істердің барысын бай­қау мақсатында арнайы рейдке шық­ты. Тексеру тобы «Көктал» ықша­мау­да­нын­дағы Е.Берліқожанов атындағы №11 орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын анықтау үшін осында көшпелі отырыс өткізді.
Аталған мектепті күрделі жөндеуден өт­кізуге 276 миллион теңге бөлініпті. Рейд барысында белгілі болғандай, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мер­дігер тарапынан орын алған кем­ші­лік­тер жетіп артылады. Білім шаңыра­ғы­ның спорт залында орнатылған жылу жүйе­сінің құбырлары бекітілген өлшемге сай емес. Құбырлардың дені жобада көр­се­тілген сапалы әрі берік материалдардан жа­сал­маған. Жылу батареяларының өл­ше­мі жылыту аумағына сай келмейді. Қа­ланың шетінде, шығыстан соғатын өкпек желдің өтінде орналасқан Көктал ауылының қыс мезгіліндегі ауа райының бол­жаусыздығын және қала ортасына қара­ғанда суығырақ болатындығын ес­кер­сек, күрделі жөн­деу­ден соңғы жылыту жүйесі қыс ортасында сыр беруі әбден мүм­кін. Демек, бұл тұр­ғыдағы жұмыстың ойдағыдай жүргізілмеуі білім шаңыра­ғындағы  білім беру жүйесіне кері әсер етуі ық­тимал. 
Сонымен бірге, мектептегі оқушылар­дың жуынуына арналған бөлмелерге есік салынбаған, оқушыларға арналып қыста киім ілетін орын қарастырылмаған. Соған сай оқу жылының бір айы артта қалғанына қара­мастан, мектеп үйі оқушыларға сана­лы тәрбие мен сапалы білім беруге толық әзір емес деп тұжырымдауға болады. 
Жоғарыда аталған кемшіліктерді на­зарға алған комиссия мүшелері құрылысқа жауапты мердігер мекеменің қаражатты қаншалықты дұрыс жұмсағанын және игеріп жатқанын толық тексеруден өт­кізді. Алайда мақсатсыз жұмсалу дерегі анық­талмаған екен. Күрделі жөндеудегі кем­шіліктер негізінен, мердігер тараптың жұ­мысқа деген немқұрайдылығы мен жауап­сыздығының әсері екені анық. Осы­ны ескерген комиссия мердігер компания өкіл­деріне орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге бір ай уақыт берді. Егер орын алған олқылықтар белгіленген мер­зімде түзетілмесе, онда ықпал етудің басқа жолдары қарастырылатын болады. 

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы