Негізгі бет  /  мақалалар  /  Партиялық бақылаушылар оң баға берді

Партиялық бақылаушылар оң баға берді

Айқын-ақпарат
837
Партиялық бақылаушылар оң баға берді «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері 32 «б» ықшамауданында құрылысы жүріп жатқан нысанмен танысты. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімін тексерген комиссия мүшелері ризашылықтарын білдірді.

«Оңдасын строй» мекемесі өз қара­жа­тына салып жатқан алты қабатты жаңа тұр­­ғын үйді ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына орай пайдалануға бермек. Қазіргі таң­да құры­лыс жұмыстарының 85%-ы то­лықтай орын­далған. 
– Мұнда күні-түні тынбай жергілікті 100 адам еңбек етуде. Құрылысқа қажетті ма­­териалдарымыз да жергілікті. Мәселен, це­ментіміз Шетпеден, тастарымыз Жаңа­өзен мен Жетібайдан. Жалпы, құрылысты өткен жылдың қыркүйек айында бастадық. Бел­гіленген мерзім бойынша жыл аяғына дейін пайдалануға беруіміз керек. Үй құры­лысын тапсырғаннан кейін балалар ойын алаңы мен шағын парк салуды бастаймыз, – дейді участке бастығы Нұрбек Бекбаев. 
Құрылыс саласында он жылдан бері та­бысты еңбек етіп келе жатқан мекеме өт­кен жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі» арқылы тұрғындарға 40 пәтерлі екі жә­не 60 пәтерлі үш үйді тапсырған. Биыл Тәуел­сіздік мерекесінде «Қаламқас» тұр­ғын үй кешенінен 216 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беріп, тұрғындарға қуаныш сыйламақ. 
– Тұрғын үй құрылысының сапасы біз­ге ұнады. Үйдің сыртын қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріп жатқаны да көңілімізден шықты. Соңғы кездері салы­нып жатқан үйлердің сыртына тұрғындар­дың көңілі толмай, бізге шағым айтып жүргендері кездесетін еді. Бүгінгі құрылыс жұ­мысын көріп, сол олқылықтың орны тол­ғанын көріп, қуанып отырмыз. Біздің қа­ламызға сапалы әрі алыстан көз тартатын әде­мі үйлер қажет. Өзге де құрылыс меке­мелері осыны ескере жүрсе екен деген ті­лек­теміз. Инженерлік жүйе мен жылу, электр, су құбырларының сапасын да тек­сердік. Өте сапалы құрылыс деп баға бере­міз, – деді «Нұр Отан» партиясы Ақтау қа­ла­лық филиалы жанындағы партиялық ба­қылау комиссиясының төрағасы Қуа­ныш Есетов. 

Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы