Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ата-аналар кеңес алды

Ата-аналар кеңес алды

Айқын-ақпарат
847
Ата-аналар кеңес алды «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 Облыстың бас ұстазына азаматтар білім саласына қатысты толғандырып жүрген мәселелермен келді. 

Қызылорда қаласы мектептерінің бі­рінде жұмыс істейтін сынып жетекшісі Ба­қыт Сейітпенбетова өзінің жетек­ші­лігіндегі оқушылардың келешегіне алаң­дап, білім басқармасының бас­шысына «биылғы оқу жылында білім алушы­лар­дың үлгерімін бақылау, аралық және қо­ры­тынды, мемлекеттік аттестаттау жүр­­гізуге енгізілген өзгерістер мен то­лық­тырулар жөнінде сұрады. Бақыттың ай­туынша, бұл өзгерістер ҰБТ-ға дайын­далып жүрген балғындардың жүйкесіне әсер етпей ме?
Әр адамның өмір жолында туған ата-ана­сынан кейін оның азамат болып қалыптасып кетуіне ақыл-парасатымен де, жанашырлық адал ниетімен де, қам­қор көңілімен де ықпал ететін жан – ұстаз екенін атап өтіп, Б.Сайлыбаев ал­ды­мен Бақытқа барлық ата-аналар аты­нан шынайы алғысын білдірді. Онан соң «Білім алушылардың үлгеріміне ағым­дық бақылау, аралық және қоры­тынды аттестаттау өткізудің үлгілік ере­желерін бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына енгізілген өзгерістерді жеке-жеке түсіндіріп берді. 
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған жал­ғыз­басты ана Гүлнар Ізбасарова бүлдір­ші­нінің болашағына алаңдаулы. Ол пар­тия қабылдауына «облысымызда мүм­кіндігі шектеулі балаларға қандай жағ­дайлар жасалуда, құқықтары қалай қорғалуда, балама қандай мекемелер ар­қылы түзету жұмыстарын алуыма бо­ла­ды?» деген сауалмен келді.
Бұл сауалға қатысты Б.Сайлыбаев облыс бойынша 362 мүмкіндігі шектеулі, үйден оқытылатын балаларға бағдарлама­лық-техникалық жабдықтар алынып, пай­далануға берілгендігін атап өтті. Сон­дай-ақ басқарма басшысы жаңа оқу жы­лынан бастап үйде оқытылатын мүм­кін­дігі шектеулі 24 балаға қашықтан оқы­ту­ды ұйымдастыру мақсатында Beelіne компаниясы мен облыстық білім бас­қармасының арасында екіжақты ме­морандум жасалынғанын айтты. 
Гүлнардың баласын баланы оңалту­дың жеке бағдарламаларына сәйкес, ар­найы білім беру ұйымдарынан түзету жұ­мыс­тарын алуға көмектесетінін жет­кізді.
Б.Сайлыбаев өзге де сауалдармен кел­ген азаматтардың өтініштерін жеке-жеке тыңдап, заң аясында кеңес берді. 

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда қаласы