Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ит бүлдіршінді өлімнен құтқарды

Ит бүлдіршінді өлімнен құтқарды

Жомарт Молдахметұлы
920
Ит бүлдіршінді өлімнен құтқарды Оқиға Австралияның шағын қаласыда болған.

Кернс қаласының тұрғыны Кэтрин есімді келіншек өзінің отбасымен және екіжастағы Шарлотта есімді қызымен жолда келе жатып, бір тұрғынның доберман тұқымды иттің күшігінен қалай құтылудың жолын білмей дағдарып тұрғанын байқайды.

Мұны естіген Кэтрин мен оның күйеуі әлгі күшікті асырап алуға бел байлайды. Сөйтіп күшікке Хан деген есім береді. Доберман күшігі әдемі ит болып өседі.Содан бір күні үйішілік шаруамен айналысып бейқам жүрген Кэтрин екі жасар қызының қатты жылаған дауысын естіп, тұра жүгіреді. Оқиға орнына жүгіріп жетсе, иттің өзінің  қызына қарай тұра ұмтылып бара жатқанын байқайды. Үрейленген келіншек қызын құтқару үшін итке ұмтылады. Содан ит те, қыз бен оның анасы да ұмар-жұмар домалап түседі.  Кэтрин есін жиып қараса, Ханулы жыланды табанымен тырп еткізбей басып тұр екен. Сөйтіп, доберман тұқымдыотбасылық ит өзікүнде бірге ойнап жүрген екі жасар кішкентай бүлдіршінді өлімнен құтқарып қалады. Жергілікті ветеринар дәрігерлер итті мұқият тексеріп, оған улы жыланнан  ешқандай зиян келмегенін анықтайды.