Негізгі бет  /  мақалалар  /  АҚШ пен Ресей соғыса ма?

АҚШ пен Ресей соғыса ма?

Айнұр Қазыкенова
1245
АҚШ пен Ресей соғыса ма? Соңғы бірер айда АҚШ пен Ресей арасы тым ушығып кетті. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші екі ел арасына шала тастап, үрлеп жіберген Сириядағы қақтығыс.

Екі  елдің  де  Сирия жерінде  өзіндік мүдделері  бар.  Содан болар  ол жерде  жүріп жатқан  соғысқа өз мүдделері  тарапынан килігіп  отыр. Дегенмен  мәселе Сирияғада  тіреліп  тұрған жоқ. Әлемдік  лидерлікке  таласқан  АҚШ  пен Ресей арасындағы текетірес  Путин Ресей  билігіне келген тұстан басталған. Дәл сол  кезден бастап Ресей  әлемдік  геосаясатта  күш  ала бастады. Әлемнің АҚШ  көксегінендей  бір  полярлы  емес, көп  полярлы  болуына күш салды. Бұл  Ақ  үйге ұнаған жоқ.  Реті  келсе Вашингтон Мәскеуді  аяқтан  шалуға тырысты. Тығырыққа  тіреуге ұмтылды.  Бұл мәселе  әсіресе  2014 жылы күзде Украинада  басталған  билікті  тақтан  тайдыру  кезінде  АҚШ тарапынан  іске аса бастады. «Ресей  Украинаның  ішкі ісіне араласты»  деген сылтаумен  АҚШ бастаған Батыс елдері  Ресейге саяси-экономикалық  санкция  салды. Ол  аздай Сауд Арабия  секілді  мұнайлы  елдермен  одақтаса отырып мұнай бағасын құлатты.  Бұл  мұнайдан  бюджетін толтырып  отырған  Ресей үшін  сауыр  соққы  еді. Бірақ  Ресей  бұған  қолдан келгенше  төтеп  берді. Тіпті  қарымта  ретінде ядролық  қаруын,  армиясын  күшейтті. Заманауи қару  шығаруды,  оларды соғыс жағдайында  сынауды бастады.  Мәселен  Сирияда Ресейдің көптеген жаңа  қарулары  сыналып  жатыр. Бұл өз  алдына  жеке әңгіме, жеке тақырып.  Мәселе  соңғы кезде әлемдік  сарапшылар  тарапынан Ресей  мен  АҚШ  арасында  болуы мүмкін қақтығыс  жөнінде  болжамдар жасала бастады.  Мұндай  әңгіме  әскерилер арасында  да  бар. Мәселен АҚШ генералдары АҚШ пен  Ресей   майдан  даласында кездесіп  қалуы мүмкін деген жорамал  жасай  бастады.  Қысқасы АҚШ-тың жоғары лауазымды генералдары Америкамен Ресейдің әскери қақтығысын айналып өту мүмкін емес екенін айтады Олардың айтуынша, бұл соғыс ядролық қарусыз және тез, соңғы 60 жылдағы ең ірі қақтығыс болмақ.

Генерал-майор Уильям Хикстің сөзіне сүйенсек, Қытай мен Ресейдің технологиялық жетістіктері Ақ үйді тығырыққа тіреп отыр. Мұндай тығырықты АҚШ Корей соғысынан бері көрмеген- дейді .

Ал АҚШ-тың Штаб басшылары бірлескен комитеті төрағасының орынбасары генерал-лейтенант Джозеф Андерсон «қазіргі агрессивтік әскери қимылдар АҚШ-ты шарасыз күйге түсіріп отыр», – дегенді айтады. 

Өз кезегінде АҚШ Құрлық әскері штабының басшысы генерал Марк Милли АҚШ Ресеймен немесе Қытаймен көп өтпей соғысып тынатынын мәлімдеді. Кім  білсін  АҚШ пен Ресей  я болмаса  Қытай майдан  даласында  кездесе  қалса, дүние  не  болып  кетерін.  Өйткені  бұл аты аталған  елдердің бәрі  қанжығасына  ядролықоқ тұмсық байлағандар.  Бір ел  шыдамы  таусылып қызыл   түймені басып  қалса,  дүние төңкерілді  дей  бер. Сондықтан   бұл елдердің  басшыларының сабырлығы,   ашуды  ауыздықтай алуы керек-ақ.

                       Айнұр  Қазыкенова