Негізгі бет  /  мақалалар  /  Борсықтың еті мен майы адал ма?

Борсықтың еті мен майы адал ма?

Айқын-ақпарат
1204
Борсықтың еті мен майы адал ма? Ассалаумағалейкум! Тоғайда мекендейтін борсықтың еті харам ба, халал ма?

Біз оның майын емдік мақсатта ішіп, суықтап қалғанда денемізге жағып қолданамыз. Өткен жолы мешітте борсық еті харам дегенді айтты. Ауылдық жерлерде адамдар борсықтың етін жеп те жатады. Сонымен борсық еті харам ба?
Н. Барлықов
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) бірнеше хадисінде азулы аң мен тырнақты құстың етін жеуден тыйған. Соның бірі "Сахих Муслим" атты хадистер жинағында келтірілген риуаятта, сахаба Әбу Сағләбә әл-Хушани (р.а.) былай дейді: «Алланың Елшісі (с.ғ.у.) азулы аңдардың етін жеуден тыйды».
Осы және басқа да хадистерге сүйене отырып ғалымдарымыз «азу тісімен аң аулайтын жыртқыш аңдар мен тырнағымен бүріп азығын аулайтын жыртқыш құстардың етін жеу харам» деген ереже қалыптастырды. Осыған орай, борсық сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш айуан болғандықтан көбіне шөп және оның тамырымен қоса майда жәндіктермен де қоректенеді. Көктемде құстарды және олардың балапандарын жейді. Кейде қозының да құйрығын сорады. Сусарлар тұқымдастығына жататын аңдарда жыртқыштық ерекшелік бар.
Ендеше, борсықты да «жыртқыш айуандар» тұқымдастығына жатады деуге негіз бар. Олай болса, оның етін жеп, майын ішу адал емес. Ем үшін қолданбастан бұрын, одан өзге дәрілерді іздестіріп көрген дұрыс. Ең дұрысы - Аллаға аян!
islam.kz