Негізгі бет  /  мақалалар  /  Барлық балаларға тең мүмкіндік берді

Барлық балаларға тең мүмкіндік берді

Айқын-ақпарат
806
Барлық балаларға тең мүмкіндік берді Бүгін облыс орталығындағы №21 орта мектепте «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының ұйымдастыруы­мен инклюзивті білім беру мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

Аталған білім ордасының директоры, қа­лалық мәслихат депутаты Анар Қабду­ли­нова жүздесу барысында мектепте инклю­зивті білім беру жүйесін енгізу ке­зінде бірқа­тар қиындықтар кездескенін де жасырмады.
Сондықтан бірлескен оқу мәселесі ата-аналар мен мұғалімдер аралығында арнайы тренингтер мен семинарлар өткізу қажет­ті­лігін тудырған. 
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала­лар­­­ға арналған жеке және топтық түзеу са­­­бақ­тары байқаулар, мерекелер, вик­то­ри­на­лар өткізуді талап етеді. Жоғарыда атал­ған мектеп басшысының айтуына қара­ған­да, осындай игі шаралар балалардың не­ғұр­лым әлеуметтік ортаға бейімделуін қа­лыптастырады, олардың өзіне сенім­ділі­гін және қабілеттерін тануға ықпал етеді.
Сонымен қатар инклюзивті сынып­тар­да жұмыс істейтін мұғалімдерді дайындау, пе­дагог міндеттерін қайта қарауды қажет ететіндігі де белгілі. 
– Балалардың білім беру процесіне қызығу­шылығын арттыру кезінде мек­теп­тің ұс­таздары 12 авторлық жұмыстарды әзір­­леді. Нәтижесінде, мүмкіндіктері шек­теулі оқу­шылардың жаңа ортаға үйреніп кетуіне елеулі қиындықтар туғызбады. Олар өзде­рін басқа оқушылармен тең дәре­жеде се­зінеді, – деді Анар Қабдулинова.
Қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімінен алын­ған мәліметтерге сүйенсек, білім беру объе­ктілерінің 58 нысаны құжатталды. 
Оның ішінде 23 нысаны мектепке дейінгі білім беру ұжымдары, 29-ы жал­пы білім беру мекемелері мен музыкалық, көркемөнер мектептері, шахмат клубы, қалалық техникалық шығармашылық және балалар шығармашылығы мектеп­тері секілді қосымша білім беретін орын­дар. 

Оразалы ЖАҚСАНОВ, 
Қостанай облысы