Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әр сауалға жауап беріледі

Әр сауалға жауап беріледі

Айқын-ақпарат
682
Әр сауалға жауап беріледі «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындардан көптеген сауалдар келіп түсті. Кейбір мәселелер оң шешімін тапты. 

 

Кейбір азаматтар еңбек қарым-қаты­нас­тарына қатысты мәселелердің шеші­мін іздеп келді. Мәселен, «Пав­ло­дар­энер­­­­гострой» ЖШС және ADEN-group ЖК арасында «Сарыарқа» тұрғын үй ке­ше­ніндегі 12 қабатты үйдің құры­лы­сы­на қатысты қосалқы мердігерлік жө­нін­де келісімшартқа қол қойылған болатын. Мамыр айынан бастап келісімшарт бойын­ша төлемақы өтелмеуде. Осының сал­дарынан қала тұрғыны Данияр Қа­ра­таев секілді құрылысшылар жала­қы­сын ала алмауда. 
А.Шпекбаев бұл мәселені тез арада ше­шуді тапсырды. Қабылдауға қатысқан Пав­лодар қаласы әкімі Нұржан Әшім­бетовтің көмегімен бұл мәселе де өз ше­ші­мін тапты. «Павлодарэнергострой» ЖШС-ның директоры Айнұр Мұхамет­жа­нова бір апта ішінде өз жалақысын ала ал­май жүрген құрылысшы Данияр Қара­таев­тың алдындағы қарызды өтеуге уәде­сін берді.