Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлеуметтік нысандарды тексерді

Әлеуметтік нысандарды тексерді

Айқын-ақпарат
729
Әлеуметтік нысандарды тексерді «Нұр Отан» партиясы Байзақ ауданы филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуін жақсарту мақсатында рейд жүргізді.

 Партияның саяси доктринасында көрсетілгендей, әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары барлығына бірдей болуы тиіс. 

Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» жоба­сы­ның ең басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жан­дарға қызмет көрсету деңгейін жақсарту, жеңілдету. Олардың өмір сүру деңгейін ілге­рілету. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Бай­зақ аудандық филиалынан құрылған ко­миссия арнайы мемлекеттік мекемелермен жә­не ҮЕҰ бірлесіп партияның «Кедергісіз ке­лешек» жобасы аясында әлеуметтік маңы­зы бар нысандардың мүмкіндігі шектеулі жан­дарға бейімделуін жақсарту мақсатында рейд жүргізді. Рейд барысында анық­тал­ған­дай, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеу­мет­тік жағынан аз қамтылған топтарға қызмет көр­сету барысында кемшіліктер байқалды. Олар­дың ішінде тез арада ретке келтіруді қажет ететін жұмыстар да жоқ емес. Мәсе­лен, бірнеше ғимараттарда мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған пандустардың ар­найы бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі анық­талды.
– «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалынан құрылған комиссия арнайы мем­лекеттік мекемелермен әлеуметтік ны­сандарды аралау барысындағы кем­шілік­термен оған қатысты талаптарға сәйкес болуын айтып, ескерту жасады, – дейді Бай­­зақ аудандық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімінің бас­шы­сы С.Саққұлова. 

 

Ерман ӘБДИЕВ

Жамбыл облысы
Байзақ ауданы