Басты  /  мақалалар  /  Орыс Робизоны кім?

Орыс Робизоны кім?

Айнұр Қазыкенова
1517
Орыс Робизоны кім? Даниэль Дефоның «Робизон Крузосын» білмейтін адам жоқ шығар. Ал орыстан шыққан Робизон жайында білетіндер кемде кем?

Сонымен  10 жыл   елсіз  аралда  қалған   кейінен  Қиыр Шығыстың  ең  бай адамына айналған  орыс Робизон кім  болды  екен? Бұл  тарихта болған, еш  қоспасыз оқиға.  1847  жылы   тұқымынан   ақсүйек, отставкадағы   гусар 24  жасар  Сергей  Лисицын   Орыс Америкасына (Бұған  Аляска,  Алеут аралдары, Александр архипелагы, АҚШ-тың Тынық мұхит  жағлауындағы елдімекендері және Елизавета  қамалы кіреді) аттанып бара жатқан  кемеге  отырады. Алашқы  кезде  офицерлерге арналған  каютаға  орналасқан оның  жағдайы  жаман  болған жоқ. Бірде  қатты ішкен  ол  кеме капитанының иттігін  бетіне басып,  матростарды  оған қарсы көтеруге  тырысты. Бірақ  кемедегілер  оның сөзінен  гөрі,  капитанның  айтқанын тыңдады.  Басшының  айтқанына  құлдық  ұрғандар үгіттеушінің  қолын қайырып байлап, көзіне  тұмылдырық кигізіп,  елсіз аралға  тастап  кете  барды. Қолы бостау  байланғандықтан   арқанды  шешіп, көзін  таңған  шүперекті   жыртып,  алдына  қарағанда  көз  ұшында  кетіп  бара жатқан  кемені  көрді. Жағдада  жалғыз  қалғанын  білгенде,  қорыққанынан  өкіріп  жібергеніде  рас. Алайда  есін  тез жиды.  Айналасына қарады.  Елсіз  аралда  қалған  шығармын  деп  шошынған  ол,   алғашында  не  істерін  білмеді.  Тек сәлден кейін ғана  кемедегілер оған керек-жарақ тастап  кеткенін  көрді.   Үлкен шамаданда  пар- парымен үш етік, қалың ішік,   оқ-дәрісімен   қоса екі  тапанша, қылыш,  қанжар,  шай  мен  қант,  қалта  сағаты, жиналмалы пышақ,  кептірілген   нан,  екі фляг  арақ, қырынатын  құрал, сіріңке,  200 гаваналық сигар,  жазу  кітапшасы т.б. салыныпты. Онымен  қоймай капитан бір тілім қағазға  хат жазып  қалдырыпты. Онда: «Құрметті Сергей Петрович  сенің кемедегі әрекетіңді   теңіз   заңымен  қарайтын болсам, өлуге  тиіс ең.  Өйткені  сен кемеде көтеріліс  жасауға   тырыстың.Бұл кешірілмес кінә. Дегенмен  мен  сенің жас  екеніңді, талантты екеніңді  алайда қателікке байқамай  ұрынғаныңды  түсініп,  ондай  қадамға  бармадым. Айдалада  жалғыз қалған  сәтте,  сен  соның бәрін  жүрегіңнен  өткізіп,  қортынды  шығарып, түзелу жолына  түсетін  шығар  деп  шын жүректен  сенгіп  келеді. Сондықтан  кейін, алда –жалда кездесіп  жатсақ, біз  жау  ретінде емес, бір-біріміздің  адамгершілігімізді  сыйлайтын жақын адам ретінде  жүздесетін  шығармыз деп   ойлаймын. Сәлеммен А.М..» деп  жазылған  екен.  Қолынан  түк келмейтін,  үйде ешнәрсе  істеп көрмеген  ақсүйек Лисицын алғашында  не  істерін білмеді. Әу  дегенде  жан-жағын теңіз қоршаған  елсіз аралда  қалдым  деп  ойлаған еді. Олай  болмады. Алды  жал-жал  толқындары  жағаны ұрған Охота  теңізі, арты жасыл желегі  жайқалған  тайга  орманы екенін  білді. Тіпті  бойын  үрей  биледі.  Өйткені  орман  толы жыртқыш аң-құс, улы жыландар.   Тағдырдың дегеніне  көнген ол, қолынан келгенше  баспана  тұрғызуға  кірісті.  Басқа түссе, адам  баласы  бәрін  істейді екен. Бір  аптаның ішінде  ол,  ағаштарды  кесіп,  құрастырып,  лашық-қос тұрғызды. Жан-жағын  бөренелермен  бекітті.  Ас пісіретін,  тоңғанда  жылынатын  ошақ  (бұл  ауа-раы  қолайлы   тропикалық  өңір  емес. Қысы  қаһарлы  Қиыр Шығыс  еді)  жасады.  Оқ-дәріні   сақтау  үшін, садақ  пен жебе  жасап,  аң-құс  атып  күн  көрді. Қыста шабуыл  жасаған   ұйлы қасқырларды,   қосқа басып кірмекші  болған аяюды атып өлтірді.Олардың терісі төсеніш  һәм  жамылғы болды. Балық аулады. Саңырауқұлақ  жинады. Әйтеуір  өлместің қамын жасады.  Көктемде теңіз  жағалап келе жатып, есін  білмей  талып  жатқан  бір адамды  тауып  алды. Жас  өспірімді  ол Василий деп атады. Оның айтуынша  оларда Орыс Америкасына  бара  жатқанда  кеме  сыр беріп,  жарқыншақтардан  іші суға толып,  адамдар  жағалауға  әрең жеткен көрінеді.  Бірақ  жұрт  асып-сасып жүріп,  қайықтарға  мініп, су  жұтып  талықсып жағалауда  жатқан  мұны  өлдіге санап,  тастап кете  барғанға  ұқсайды.  Бір күні  Лисицын Василий екеуі  теңіз  жағалап келе жатып, бір қайраңда   жағаға  шығып қалған   кемені көреді. Онда  екі  ит,  сегіз  сиыр, 16  ешкі, 26  қойдың аман-сау  қамаулы  тұрғанын көріп  қуанып, оларды  қосқа айдап келеді.  Сондай-ақ кемеде көһптеген  азық-түліктің  қоры  бар екен. Оныда ептеп  тасып алады. Қару-жарақ, оқ-дәрі,   дүрбі, самауыр  және  өзгеде көптеген  құрал-жабдықтар  жаман  қостың бір  шетіне  тау  болып үйліп қалады. Бір  жылдың  ішінде   не  істеп,  не  қою керектігін әбден  меңгерген  екеуі  сиыр,  сауып, қой  қоздатып, сүйт-айран ішіп әл-қуат  жиайды.  Тіпті сүттен  түрлі  тағам әзірлеуді  де меңгереді. Орман алаңқайларына   дән егіп, мол астық ала бастайды. Балық  ұстап,  жеміс-идек кептіруді  де  өмір  үйретеді. Сүйтіп  ай соңынан жыл зулап  өте береді...

 1857жылы жазушы Александр Сибиряков  Амур  жағалауындағы  күміс  пен алтын кеніштерінің   қожайыны Сергей  Лисицынмен кезедеседі...  Әрине  Лисицын  алтын мен күміс кеніштерін теңіз жағасында,орман  ішінде жападан-жалғыз ұзақ жылдар  өмір сүрген кезде  тапқан  еді. Кейінен сол  жердің  иесі де, қожайыны да  өзі  болып қалған-ды. Жағалаудан тауып  алған  Василий  көмекшісі. Оның  балалары  Мәскеудегі  университетте  оқып жатты.  Санк-Петербургта  Лисицынның  қаржысымен   баяғы  кеме каптитанының  екі ұлы  унверситетте  оқыды. Өйткені ол  өзін   айдалаға тастап,   өмір сүруі  үшін  құрал-жабдық  қалдырып,  хат жазып кеткен  капитанды жау  деп санамады. Өзімнің осыншама байлыққа кенелуімнің   арқасы сол капитан  деп  таныды.   Қиыр Шығыстағы  ен жатқан  байлықты  тауып әбден  байыған тұста  каптитанның балаларын оқытуды  өзіне  міндет  деп санады. Және  солай  істеді  де. Міне орыс Робизонының   тарихы осылай болған еді...

                Айнұр Қазыкенова