Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үй бағасы арзандау үстінде

Үй бағасы арзандау үстінде

Айнұр Қазыкенова
1009
Үй бағасы арзандау үстінде Жаһандық дағдарыс қысып, елдегі жағдай қиындаған сайын, халықтың қалтасы тым жұқарып барады.Әсіресе халықтың тұтыну қабілеті кеміді. Бұл өз алдына жеке әңгіме.

Айтпағымыз баспана  мәселесі. Банктердің ипотека беруі күрделе түскен сайын, үйдің сатылымы  да мардымсыз  болып  барады. Баспана  алушалырдың саны азайған.Содан болар еліміздегі  ірі  қалаларда пәтер бағасы біршама  төмендеді.Тіпті жыл соңына қарай баға  тағыда төмен сырғи беретін сияқты. Нақтылайтын болсақ, биылғы жылдың III маусымында Астандағы пәтердің орташа бағасы шаршы метріне 343,8 мың теңге болды. Бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда 3,6 пайызға, яғни 12 942 теңгеге арзан. Жалпы жыл басынан бері елордадағы жылжымайтын мүлік құны 12 пайыз жоғалтты, деп жазады krisha.kz.Мұндай үрдіс Алматыда да байқалады. Мұндағы арзандау қарқыны Астанаға қарағанда төмендеу. Соңғы үш айдағы орташа баға  шаршы метріне 374,9 мың теңге. Бұл бар болғаны 1,6, яғни 5 мың теңгеге арзандады деген сөз. Жалпы, соңғы уақытта Алматыдағы баға арзандауды тоқтатып, қазір бір орынға тұрақтады. Қаржыгер сарапшы  Илияс Исаевтың  айтқанына қарсақ, үй бағасының төмендеуі  заңдылық. Өйткені   қазір  жұртта  артық  ақша жоқ. Банктер  қазір  қалай  болса солай   несие  бере  бермейді. Өйткені елдегі қаржылы  саласы  қазір  қиындау  сәттерді бастан  өтізуде. Ең  бастысы Қазақстан   шикізатқа  тәуелді  ел. Мұнай  бағасы  құлады. Бұл  жалпы  елдегі  нарыққа  үлкен  соққы  болып тиді.Пайда кеміді. Бұл  өз  кезегінде  барлық салаға әсер  етуде. Бірақ баспана  мәселесі қанша  арзадады десек те долларға  шаққанда  оның  бағасы  бәрібір қымбат болып қалуда.  Ал  оған  қалтасы жұқа жұрттың шамасы  келмесі хақ.

         Айнұр Қазыкенова