Негізгі бет  /  мақалалар  /  Құлақты тазалау зиян ба?

Құлақты тазалау зиян ба?

Айқын-ақпарат
1240
Құлақты тазалау зиян ба? Алла Тағала Адам баласына сөйлеуге тіл, көруге көз, естуге құлақ берді. Құлақтағы құлықты тазалауды көптеген адамның әдетке айналдырғаны жасырын емес.

Тіпті, ол үшін арнайы құлақ тазалайтын мақталар да шығарылған. Ал, енді құлақты тазалау дұрыс па?

Дәрігер мамандардың айтуы бойынша құлық қоймалжың сұйық күйде болатын. Құлық – қоқысқа жатпайды. Қайта бактериялардан, түрлі ісінулерден, жәндіктердің құлақ ішіне кіріп кетуінен, құрғақтықты сақтайды. Құлықты құлақтың ішкі қуысында орналасқан арнайы бездер бөледі. Құлақтағы құлық тазалық сақтамаудың бір көрінісі еместігін жоғарыдағы сөзіміз дәлелдейді. Құлықты тазалау зиян тигізуі мүмкін. Оның бөлінуі табиғи нарсе. Оны тазалаудың қажеті жоқ. Себебі, ол басында қоймалжың сұйық түрде бөлінгенімен, соңында кеуіп, құрғақ күйге айналады. Біршама уақыттан кейін өзі-ақ түсіп қалады. Тек шашты жуғанда құлақтың қуысын дымқыл саусақпен сүртіп тұрса жетеді. Адам дәрет алғанда да құлаққа міндетті түрде мәсіх тартылады (сүртіледі). Мысалға, Абдулла ибн Амр жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.) басына мәсіх тартқаннан кейін, сұқ саусағын құлағына тығып, бас бармағымен құлағының артқы жағын сүртті» делінген. Яғни, құлақ дәрет алу кезінде сұқ саусақ сыятын жерге дейін тазаланады

Құлақ тазалауда тұрған не бар? Соған тоқталайық. Құлақты тазалау үшін құлақ қуысына мақта таяқшаларын тығамыз. Ол өз кезегінде алдымен құлықты ары итеріп, құлақтың пердесіне тигізеді. Негізінде құлық деген құлақтың пердесіне дейінгі жерде жататын нәрсе. Құлақтың пердесіне бірнәрсе тиер болса, онда дыбыс есту нашарлайды. Сондықтан, құлықтың бөлінуі табиғи нәрсе. Оны тазалаудың қажеті шамалы.+

Мынадай жағдайлар да кездеседі. Бір кісілердің немесе балалардың құлағынан көп көлемде құлық ағып, құлақтың сыртына дейін шығып жатады. Ол құлақтың ауруы болуы мүмкін. Сондықтан, оны тез арада дәрігерге көрсету керек.

Ал, құлақтың шыңылдауына келер болсақ, медицина мамандарының пікірінше, ол адамдағы созылмалы аурулармен байланысты.

Нұрқанат Байзақ

muslim.kz