Негізгі бет  /  мақалалар  /  Клинтонның қару сатқаны ақиқат па?

Клинтонның қару сатқаны ақиқат па?

Айқын-ақпарат
1124
Клинтонның қару сатқаны ақиқат па? WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж бүгінде Лондонда жасырынып жүр.

Ол Хиллари Клинтонның ел білмейтін әрекеттерін жайып салғаны үшін Клинтон отбасының жауларының тізіміне енген.  Джулиан Ассанж 8 қарашаға дейін Клинтонның құпиялары туралы ақпараттарды жаңартатынын да мәлімдеді. Бұл туралы «The Political Insider» жазды.

Джулиан Ассанждың ойынша, Хиллари Клинтон террористерді қаржыландырып отыр. Мемлекеттік хатшы кезінде Катарға қару сатқан. Ол сондай-ақ «Сирияның достары» деп аталған ұйымның құрылуына ұйытқы болған. Осындай пікірлерін Джулиан Ассанж Клинтонның 1700 электронды хатының мазмұнымен бекіткісі келеді. Клинтонның сақталған хаттарында АҚШ оның  Сириямен, Ливиямен байланысы бары білінеді. Джулиан Ассанждың ойынша, Клинтон «Аль-Каидамен» де байланысты.

 

Qamshy.kz.