Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шүкеновке ескерткіш орнатылатыны шындық па?

Шүкеновке ескерткіш орнатылатыны шындық па?

Айқын-ақпарат
818
Шүкеновке ескерткіш орнатылатыны шындық  па? Сыр бойының ғана емес, қазақ эстрадасының жұлдызы, талантты әнші Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады деп естідім. Қай жерден?

Бақыт Сарбасов,
Алматы қаласы.

 

Сіздің сұрағыңыз өте орынды. «Айқын» басылымының тілшілеріне жеткен ақпарат бойынша  Батырхан Шүкеновке Қызылорда қаласында  ескерткіш орнатылатын болды. 
«Социум-Қызылорда» қоғамдық қоры  Қызылорда қаласында орнатылатын Батырхан Шүкеновтің ескерткіш-белгісінің ең үздік эскиздік жобасына ашық конкурс жариялады.  Іріктеу барысында жобалардың көркемдік, эстетикалық, идеялық деңгейіне мән беріледі. Ескерткіштің орналасу сызбасы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс. Ереже бойынша, конкурс материалдары газет және интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін socium-kyzylorda@list.ru электронды поштасына жолданады.