Басты  /  мақалалар  /  Көріпкел АҚШ-та кім президент болатынын айтты

Көріпкел АҚШ-та кім президент болатынын айтты

Айқын-ақпарат
1363
Көріпкел АҚШ-та кім президент болатынын айтты АҚШ-та Президент тағы үшін сайлауалды жарыстың аяқталуына бір ай ғана уақыт қалды. Сайлау 8 қарашаға белгіленген. Кім жеңеді, Трамп па, әлде бұрынғы президенттің әйелі Хиллари Клинтон ба?

«Комсомольская правда» басылымында жарияланған болжамында «Битвы экстрасенсов» финалисі Галина Багирова былай дейді:

«Хиллари Клинтон Обама тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Ол күйреулерге негізделген Обама миссиясының жалғастырушысы. Клинтонның артында психологтар, көріпкелдер мен астрологтар тұр. Олар Клинтонға нені қашан, қалай айту керек, өзін қалай ұстау керектігін үйретіп отырады. Мән беріп қарасаңыздар, Хиллари үнемі қызыл түсті киім киеді. Қызыл –жеңістің белгісі. Оған қоса Хиллари шалбар мен өкшесіз туфли киетін боп жүр. Осы келбеті ақылы ол билікке ер мінезді әйелдің келе жатқанын танытқысы келеді. Бірақ мен АҚШ-тың президент тағында еркекті көріп тұрмын. Клинтон бұл сайлауда жеңгеннің өзінде үш айдан артыққа бармайды. Оның денсаулығы нашар. Оның тілінде мүкістік болатынын көріп тұрмын. Қазір бәлкім оған препараттар беріп жүрген болар. Хиллари — жас адамның трамплині үшін жарнамалық сурет. Биліктің кілті бәрібір ер адамға өтеді. Мен осыған сенемін».

Ал «Маджистика» порталының ақпараты бойынша, кейбір балгерлер мынандай пікірде:

Мария Сибирская:

«Тар америкалық шеңбердегі ақша мен өзара келісім жеңіске жетеді. Трамптың 2016 жылғы сайлауда жеңу мүмкіндігі өте жоғары. Ресейге деген жеккөрушілік ұлғая береді. Бұл олардың қанында бар, гендік деңгейде...»

Михаил Меркуров:

«Жеңіс Хиллари Клинтонға тиеді. Оны қоршағандар үлкен рөл атқарады. Ол Нью -Йорк штаты атынан сенатор ғой. АҚШ дағдарыстан шығады, әлеммен бір мезгілде күрес бұл елдің жолын жаңа саясатқа ашты. Дональд Трамп бар болғаны қуыршақ, Клинтон отбасының позициясын және демократтарды күшейтіп жатыр.

 

qamshy.kz