Негізгі бет  /  мақалалар  /  «ҒАСЫР ЖОБАСЫ» ДАҢҒЫЛҒА АЙНАЛДЫ

«ҒАСЫР ЖОБАСЫ» ДАҢҒЫЛҒА АЙНАЛДЫ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1169
«ҒАСЫР ЖОБАСЫ» ДАҢҒЫЛҒА АЙНАЛДЫ «Батыс Еуропа Батыс Қытай» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстың басынан бастап 2 028 шақырымы аяқталды.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысына арналған Үкімет отырысында айтты.
Шымкент қаласынан Ресей шекарасына дейінгі (Орынборға) және Тараз-Алматы учаскелеріндегі жол пайдалануға берілді.
Алматы  Қорғас (304 км) бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, сондай-ақ Шымкент  Ташкент (100 км) және Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы аралығындағы (81 км) учаскелерде жөндеу жұмыстары жалғасуда, жыл соңына дейін бұл аралықтағы жөндеу жұмыстары аяқталады.

 

 «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша (Астана-Алматы)

 

Осы бағыт бойынша 2013 жылдан бастап Астана-Теміртау (171 км) және Алматы-Қапшағай (104 км) учаскелерінде жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні Астана-Теміртау учаскесінің 12 шақырымы және Алматы-Қапшағай учаскесінің 72 шақырымы пайдалануға берілді.

 

«Орталық-Шығыс» жобасы бойынша (Астана-Өскемен)

 

Аталған бағыттағы жұмыстар 2013 жылдан бері Астана-Павлодар (441 км) және Павлодар-Семей-Қалбатау (473 км) учаскесінде  жүргізілуде.  Бүгінге күнге дейін 218 шақырымы  пайдалануға берілді. Оның 47 шақырымы - Астана-Павлодар, 171 шақырымы - Павлодар-Семей-Қалбатау учаскесі. Биыл жыл соңына дейін Астана-Павлодар учаскесі бойынша 220 шақырымның бір бағыты ашылады және Ертіс өзенінің үстінен салынып жатқан (12 км) көпір құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

«Орталық-Батыс» жобасы бойынша (Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау)

 

Аталған бағыт бойынша қашықтығы 470 км - Бейнеу-Ақтау учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.  2014 жылы 200 шақырымында қозғалыс ашылды. Сонымен бірге Ақтөбе-Атырау учаскесінің 26 шақырымында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.