Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қабатовтың әйелі өнер мектебін ашты

Қабатовтың әйелі өнер мектебін ашты

Айқын-ақпарат
1360
Қабатовтың әйелі өнер мектебін ашты Танымал әзілкештің жұбайы Мөлдір Мұқанова өзінің жеке өнер мектебін ашты.

Жаңа өнер мектебін ашу мәртебесін Мөлдір мен Тұрсынбек жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәліге тапсырды.

  • Біз әрқашан мектептердің ашылуына қуаныштымыз. Ертең бәріміз бір-бір мектеп ашып алып, шәкірттеріміз өзара сайысып, жарысып, бәйгеде бір-бірін озып жатса онда жетістікке жетеміз. Шын жүректен тілектеспіз, - деп тілек тіледі Қыдырәлі.

Желі қолданушылары бұл мектептің ашылуына орай түрлі пікірлерін білдірді. Бірі мектептің ашылуына қуанып, тілектерін жаудырса, екіншілері өнер адамдарының түрлі мектептер аша бергеніне наразылықтарын айтып қалды. "Пах, шіркін-ай, байып кеткен жұлдыздардың бәрінің мектеп ашуы сәнге айналды ғой", "Білім ошағын ашу да ойыншық болып кетті ғой қазір", - деп жазды наразы болғандар.