Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бүркіт пен Айша дүкенін жапты

Бүркіт пен Айша дүкенін жапты

Айқын-ақпарат
1004
Бүркіт пен Айша дүкенін жапты Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша дағдарыстың салдарынан өз кәсібін жабуға мәжбүр.

 Бұл туралы Бүркіт пен Аиша өздерінің желідегі парақшаларында  хабарлады.

Бүгінде сахнада жүрген өнер адамдары жеке кәсіпкерлікпен де айналысуға құмар.  Олардың көбі әншілік өнері бір жағына шығып, танымалдылыққа қол жеткізген соң, жеке кәсібін ашып, кәсіпкерлікке бет бұрады. Бірі жеке сұлулық салонын, бірі асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысып, енді бірі дүкен ашады. Бүркіт те -  солардың бірі. Олардың отбасылық кәсібі бар.

Бірақ, Бүркіт пен Аиша желідегі парақшасында осындай кәсіптерінің бірі - қымбат иіссу сататын дүкендерінің жабылуға шақ қалғанын айтты. Олардың айтуынша, еуропалық серіктестер иіссуға бағаны көтеріп жібергендіктен, олар дүкенін жабуға мәжбүр. Бірақ, бұдан халыққа келер пайда  бар,  олардың қымбат иіссулары 90 пайыздық жеңілдікпен сатылып жатыр. Кәсіпкердің сөзіне сенсек, жеңілдікпен берілетін иіс сулардың құны өз бағасынан да арзан.