Негізгі бет  /  мақалалар  /  Эстония президентінің күйеуі бала бағады

Эстония президентінің күйеуі бала бағады

Айқын-ақпарат
973
Эстония президентінің күйеуі бала бағады Эстония президенті Керсти Кальюлайд бұдан былай үй шаруасымен және бала тәрбиесімен күйеуі айналысатынын мәлімдеді.

Жақында Эстония Парламенті 4 баласы бар әйелді президент етіп сайлаған еді. Бұл осы елдің тарихындағы мемлекет тізгінін қолға алған тұңғыш әйел.

Эстония – парламенттік мемлекет. Сондықтан Президентке дауысты да тек депутаттар ғана береді. Осылайша, сайлауға қатысқан 98 депутаттың 81-і жаңа президентке дауыс берген. Керсти журналистерге берген алғашқы сұхбаттарының бірінде Таллиндегі тұрып жатқан үйінен Президент сарайына көшпейтінін мәлімдеді. Тағы бір айта кететін жай, Керстидің төрт баласының тәрбиесімен және үй шаруасымен бұдан былай, еш жерде жұмыс істемейтін күйеуі айналысады екен.

-Мен еуропалық жоғары лауазыммен қош айтыстым. Ендігі мақсатым – елді аралап, халықпен жүздесу, - деді ол.

baq.kz