Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жол құрылысына 96,9 млрд. теңге жұмсалды

Жол құрылысына 96,9 млрд. теңге жұмсалды

Айқын-ақпарат
815
Жол құрылысына 96,9 млрд. теңге жұмсалды Биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жол құрылысына 96,9 млрд. теңге жұмсалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Жалпы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 409,2 млрд. теңге бөлінген және жылдық жоспар бойынша 53 пайыз игерілді. «Шұғыла» қағидаты бойынша Астананы аумақтармен байланыстыратын, тиімді аумақаралық автожол желісін құру үшін, 2015-2020 жылдары аралығында мембағдарлама шеңберінде 6,7 мың. км-ден астам автокөлік жолдары салынып және реконструкциядан өткізілетін болады.

"2015-2016 жылдары автожолдардың құрылысы мен реконструкциялауына 329,3 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылғы қаражат толықтай игерілді, бұл 456 км автожолдарды салуға және реконструкциялауға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы 151,3 млрд. теңге бөлінді, одан қаржыландыру жоспарына сәйкес 96,9 млрд. теңге толықтай игерілді және жол-құрылыс жұмыстарымен 1 038 км автожолдары қамтылды", - деді министр.

Оның айтуынша, жыл аяғына дейін барлық қаражат көздерінен 920 км автожолдарда құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

Одан басқа, 147,8 млрд. теңге сомасына «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» және «Бейнеу - Ақтау 2» автожол жобаларын іске асыру үшін бюджеттік ресурстарға қосымша ХҚҰ (халықаралық қаржы ұйымдары) қарыздары тартылды.

2020 жылға транзит әлеуетін жылына 25-тен 88 млн. тоннаға көтеру және өткізу қабілетін жылына 3-тен 7,6 млн. адамға дейін көбейту үшін Боржақты-Ерсай және Алматы-Шу темір жол желілерінің, Құрық портында паром өткелінің және Астана қ. әуежайының құрылысына мембағдарлама шеңберінде 2015-2016 жылдары 95,2 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы  48,8 млрд. теңге, 2016 жылы  46,4 млрд. теңге).

Бүгінгі күні, ағымдағы жылы бөлінген қаражат толық көлемде тиісті мемлекеттік сыңайлы компаниялардың қарауында жатыр, олар 34,8 млрд. теңгені игерді. Қалған қаражат жыл соңына дейін толықтай игерілетін болады.

Сонымен қатар, макроөңірлерде өнеркәсіпті дамыту үшін мембағдарламамен арнайы экономикалық айммақтардың құрылысы көзделген, оның ішінде Атырау облысындағы Ұлттық индустриялды мұнай-химиялық технопаркі бар.

Бұл мақсаттарға «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымын салу бойынша жобасын іске асыру үшін 2016 жылы 10 млрд. теңге бөлінді, олар жыл аяғына дейін толықтай игерілетін болады.

 

ҚазАқпарат