Негізгі бет  /  мақалалар  /  Біраз ақша бүгіннен бастап жарамсыз

Біраз ақша бүгіннен бастап жарамсыз

Айқын-ақпарат
1647
Біраз ақша  бүгіннен бастап жарамсыз 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды бүгіннен бастап төлем және банк операцияларына пайдалануға болмайды. Бұл туралы Ұлттық банктің басппасөз қызметі хабарлады.

Банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады.

  • ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалында 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды, - деп хабарлайды Ұлттық банк.

Банктер және банктік қызметті ұсынатын басқа ұйымдар банкноттарды қабылдамаған жағдайда 50 АЕК (1 АЕК — 2121 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік банкноттар қолданыста. Ал монеталар қатарын 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге құрайды. 2011 жылы Ұлттық банк 2006 жылғы банкнота үлгілерін кезең кезеңімен айырбастау үшін «Самұрық» деп аталатын жаңа серияны шығарды.