Негізгі бет  /  мақалалар  /  Азық-түлік қымбаттады

Азық-түлік қымбаттады

Айқын-ақпарат
1025
Азық-түлік қымбаттады

Ағымдағы жылдың басынан бері бағаның өсуі жармаларға- 32,5%, шайға  25,8%, қантқа  22,4%, нанға  16,1%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге  13%, кондитерлік өнімдерге  11,9%, күнбағыс майына  11,8%, салқындатылған сусындарға  10,8%, макарон өнімдеріне  10,2%, жеміс және көкөніс шырындарына  9,3%, құс етіне  8,7%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға  8,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге  7,9%-ға белгіленді.
Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 27,8%, жұмыртқаға  8%, шикі сүтке  7,9%-ға тіркелді.
Дизель отыны -27,3%, баллондағы сұйытылған газ  17,5%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне- 8%, білім беру  6,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы  5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер  4,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары  2,9%-ға өсті.
Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 12,5%, әуе көлігіне  11,8%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен  8,4%-ға жоғарылады.