Негізгі бет  /  мақалалар  /  3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
846
3 қазанға арналған жұлдыз-жорамал Бүгінгі жұлдыз-жорамал не дейді? Назар аударайық.

Тоқты

Бүгін сіздің қателігіңіз – ол « менің қолымнан келмейді» деген ой. Қолыңыздан бəрі де келеді! Жəне нəтижесі де зор болады.

Торпақ

Сұлу жүзіңіз бен əдемі күлкіңіздің арқасында бүгін бір адамды өзіңізге баурап аласыз.

Егіздер

Бүгін сіз бір шешуші қадам басасыз. Ойланыңыз, сол қадам арқылы өміріңіздің одан əрі қалай өрбейтіні шешіледі. Достарыңызбен ақылдасыңыз.

Шаян

Бүгін сіздің ойыңыз махаббаттан босамайды. Бұл жолы қиналмайсыз, тек сол сезімнен рахат аласыз.

Арыстан

Бүгінгі күніңіз сәттілікке толы болады. Демалыс күндерден лəззат алыңыз.

Бикеш

Дұрыс жол таңдадым ба деген ой мазалап жүрсе, еш уайымдамаңыз. Сіздің таңдауыңыз дұрыс, қай жол болмасын, аздаған кедергі болады, сізге ол кедергіден өту оңай.

Таразы

Жымиыңыз. Жоқ, сізді камераға түсіріп тұрған жоқ, жай ғана сізді бақылауда ұстап жүр. Жəне ол сіздің армандап жүрген адамыңыз. Бүгін тек жақсы жағыңызбен көрінуге тырысыңыз.

Сарышаян

Бүгін сіздің басыңызға керемет ойлар келеді, ал кешке сол ойларыңыз орындалады. Жаңа жылға керемет жоспар құра беріңіз.

Мерген

Жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз. Барлық адамдардан жамандық күтпеңіз, олар сізге жан-дүниесімен ашылып сырласқысы келеді.

Тауешкі

Бүгін сіз жарқырап, ақылдылығыңызбен биік көрінесіз. Кей адамдарға сізге жету үшін əлі өсу керек.

Суқұйғыш

Бүгін сізде үлкен əңгіме болмақ. Бүгін күтпеген сəттілікке дайын болыңыз.

Балықтар

Сізге тез арада «бəрінен кереметсің» деп сізді өзіңізге сендіретін адам керек. Және ол адам – сіздің өзіңіз. Өз-өзіңізге сенуді үйреніңіз.

anabol.kz