Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қытайда көзі жоқ сәби өмірге келді

Қытайда көзі жоқ сәби өмірге келді

Айқын-ақпарат
884
Қытайда көзі жоқ сәби өмірге келді Қытайдың Гуанчжоу қаласында көзі жоқ сәби өмірге келді. Бұл туралы People’s Daily Online жазады.

Баланың анасы жүктілік кезінде тұрақты түрде дәрігерге қаралып тұрған. Бірақ, оның және баланың денсаулығынан ешқандай ақау байқалмаған.

Баланың организміндегі бұзылу жағдайы тек туғаннан кейін орын алыпты. Дәрігерлер, нәресте ультра дыбыстық зерттеу аппаратының өзі анықтай алмайтын сирек кездесетін ауруға шалдыққан деп топшылапты.

Ауру анофталь деп аталады. Бұл көз алмасының дамымай қалуы дегенді айғақтайды екен. Мамандардың сөзінше, генетикалық деңгей арқылы берілетін бұл аурудың жазылып кетуі екіталай.

Сәби 20 қыркүйекте өмірге келсе де, ол туралы ақпарат енді ғана белгілі болып отыр. Ал әйелдің басқа балаларының дені толыққанды сау екен. Оның ат-анасы қазір қайырымдылық ұйымдарына хабарласып көмек сұрауда. Қандай да қиындыққа қарамастан, олар сәбилерін сақтап қалғысы келеді.

stan.kz