Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қала халқы 350 мың адамға жетеді

Қала халқы 350 мың адамға жетеді

Айқын-ақпарат
892
Қала халқы 350 мың адамға жетеді Бүгіннің өзінде облыс орталығындағы халық саны 280 мың адамнан асты.

Таяу болашақта урбанизация деңгейін, демографиялық және көші-қон факторларын ескере келе, алдағы кезеңде қала халқы 350 мың адамға жетеді, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі

 

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың айтуынша биыл сол жағалаумен байланыстыратын көпір құрылысы аяқталады. Сол жағалаудың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобалары дайын және мемлекеттік сараптамамен мақұлданған. Қазір оны инвесторлармен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында және Азия даму банкімен іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Аймақ басшысы сол жағалауды игеруге қаржы тарту оңай шаруа емес, дегенмен бастаған іс аяқсыз қалмауы үшін тәуекелге баруға қорықпау қажеттігін айтты.

– Осы жобаларды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер тартуға жұмыс жасалуда. Бірақ, басымдық – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке беріледі. Сол жағалауды игеруге мұндай қомақты қаржыны алу, әрине, оңай шаруа емес. Қазіргі дағдарыс жағдайында біз оларды сегменттей отыра іске асыратын боламыз. Әрине, Қазақстанда валюта айырбастау бағамының еркін айналымға көшуін ескере келе, несиелерді валютамен, оның үстіне ұзақ мерзімге алудың үлкен тәуекел екенін түсінеміз. Біз мұны жасырмаймыз. Бірақ, біз бұл тәуекелге саналы түрде бардық Өйткені, жетістіктерге тоқмейілсімей, жаңа биіктерге ұмтылуымыз қажет, - деп мәлімдеді Қырымбек Көшербаев.

Дегенмен, аймақ басшысы бұған қарамастан қалыптасқан жағдайды жан-жақты бағалау қажет екенін айтты.

Baq.kz