Негізгі бет  /  мақалалар  /  Орысша шығатын соңғы газет жабылды

Орысша шығатын соңғы газет жабылды

Айқын-ақпарат
891
Орысша шығатын соңғы газет жабылды newsru.com ақпарат агенттігі Эстонияда орыс тілінде шығатын «День за днем» және Postimees («Почтальон») басылымдары жабылғанын хабарлады.

Мұның себебі неде? Басылым басшыларының айтуына қарағанда, газеттің жабылуы оқырман санының күрт төмендеуінде және және жарнаманың сиреп кеткенінде болып тұр. Амал жоқ, осындай қадамға барған басшылық енді амалдың жоқтығынан интернеттік жүйеге көшпек.  Postimees басылымы да өзінің жабылғанын жария етіп, енді үш порталды қолға алатынын мәлім етті.
AS Postimees Grupp басқармасының төрағасы Пеэп Кала соңғы жылдары Эстонияда шығатын барлық орыс тілді газеттердің оқырмандары мен жазылушылары күрт азайғанын айтты. Бірақ төрағаның дерегінше, алайда орысша шығатын онлайн басылымдардың оқырманы артуда.
Сондықтан құрылтайшылар ақылдаса келе, ғаламтордағы жаңалық порталдарына инвестиция салуға шешім қабылдады. Басылымның жабылуының бір себебі, орыстілді оқырмандардың саны да төмендеуінде. барады.
Кейбір мәліметтерге сенсек, Эстониядағы 1,3 миллион тұрғынның 29 пайызы орыс тілін ана тілі санайды. Елде орыс тілін меңгергендердің 72 пайыз шамасында.