Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қ.Көшербаев: Біз Байқоңырды жалға бердік, бірақ ондағы азаматтарды емес

Қ.Көшербаев: Біз Байқоңырды жалға бердік, бірақ ондағы азаматтарды емес

Айқын-ақпарат
1075
Қ.Көшербаев: Біз Байқоңырды жалға бердік, бірақ ондағы азаматтарды емес - Өкінішке қарай, Байқоңыр қаласының бюджеті тек ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталуда. Ресей соңғы жылдары қаланы дамытуға қатысты іс-шараларды қаржыландыруды қарастыруды мүлдем жауып қойды десек те болады.

Біз кешен нысандарын жалға бергенімізбен қала аумағында тұратын өз азаматтарымызды жалға берген жоқпыз, олар үшін қай кезде де жауаптымыз. Сондықтан, Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстанның азаматтарының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермес үшін біз бірқатар шараларды қолға алудамыз, - деді Қырымбек Елеуұлы.