Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бас прокурор: Қой союдың қажеті жоқ

Бас прокурор: Қой союдың қажеті жоқ

Айқын-ақпарат
790
Бас прокурор: Қой союдың қажеті жоқ
  • Жерге түсіп, бір айға жұмыс істеуге келдік. Астанадан 200-ден аса адам келді. Олардың көбі мемлекеттік қызметкер емес. Психолог, теолог, имамдар мен дәрігерлер бар. Біз жергілікті мемлекеттік органдарды тексеруге келген жоқпыз. Астанада отырып бар күшімізді заң шығаруға жұмсаймыз. Олар неге тиімді орындалмайды? Астанадағы кабинетте отырып, өңірде болып жатқандарды біле бермейміз. Сондықтан осы елді аралау туралы бастама қолға алынды. Ақтөбеде жергілікті проблемаға үңіліп, оларды шешуге күш салынады. Бір айда барлық проблеманы шешу мүмкін емес. Бірақ, нақты іспен жұмыс жасалатын болады. Астанадан қонақтар келіп жатыр деп қонақ үй жалдап, қой союдың қажеті жоқ. Өзім бұрын қалада жұмыс істедім, қонақ күтуді білемін. Сондықтан шығындалмауды сұраймын. Қызметкерлерді бұзбау керек. Балыққа бару, аңға шығу, қонаққа бару керек емес. Астанада келісіп, арнайы органдармен келдік. Дастархан жайған да, қонаққа барған да жауап беретін болады. Келісіп алайық. Жеті бағытта жұмыс жасалатын болады: халық арасында түсіндіру, шағын кәсіпкерлерге көмек, әлеуметтік проблемаларды шешу, діни ахуалды жақсарту, ақпараттандыру жұмысы, құқық қорғау қызметін арттыру. Әр бағытты вице-министр басқарып келді, - деген  Бас прокурор Жақып Асанов Ақтөбеге бір ай жұмыс істеуге келгенін айты.